PSY өз әнінен қатты жалыққанын мәлімдеді

PSY өз әнінен қатты жалыққанын мәлімдеді

Бүкіл әлемдік даңққа бөленген кәріс әншісі PSY өзінің хит болған «Gangnam Style» әнінен қатты жалыққан көрінеді.

Бұл әнді жазарда мұншалықты танымалдылықты күтпепті. Енді міне, қалтасы қалың, қарны тоқ, көйлегі көк шақта бәрінен шаршап отыр. Ал табынушылары болса, кәріс әншісі билегеннен қуат алып, шабыттанады деп ойлап келіпті. 

Таяуда Сингапурда болған кезекті бір конференцияда төмендегідей мәлімдеме жасауға мәжбүр болған:

"Танымал болған "Ат биіне" билеуді үйретуді көпшілігі сұрап-өтінеді. Алайда, мен тойып біттім. Шын мәніне келсек, қажып кеттім. Табыс көзі болғандықтан, жалғастыра бермекпін..." - деген екен.

Иә, атақ-даңққа төтеп беру екінің бірінің қолынан келе бермесі анық!

сурет:gamebomb.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига