PSY Мәскеуде жүр

PSY Мәскеуде жүр

Мәскеу Gangnam Style әнінің орындаушысы атақты PSY-ды үлкен флешмобпен қарсы алды.   

Оңтүстік кореялық Пак Чэ Сан атты әншіні ресейлік жанкүйерлері ұзақ күтіп, оны қарсы алуға әбден дайындалған екен. Олар атақты Gangnam Style әнін танымал қылған бейнебаянындағы биді бір адамдай билеп шықты. 

Флешмоб «Олимпийский» спорт кешенінің алдында өтті. Бұл жерде әртістің концерт алдындағы баспасөз конференциясы өтті.  Ал басты шоу, яғни концерт бүгін, 7 маусым күні өтеді.

Әнші Мәскеуге Лос-Анджелес қаласынан 15 сағатта шаршап жеткен екен. Алайда мыңдаған жанкүйерлерін көрген ол өзінің таңданысын жасыра алған жоқ. PSY-дың айтуынша, ол өзінің Ресейде соншалықты танымал екендігін білмепті.

Флешмобқа мыңнан артық мектеп оқушысы, студенттер, балақайлар мен ерекше киінген жанкүйерлер қатысты.

Айта кетсек, бұл Пак Чэ Сан-ның Мәскеудегі алғашқы концерті болмақ. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: news.mail.ru

С. А