Музыкант Пол Маккартни The Beatles тобының Abbey Road альбомының мұқабасына түскенсуретіндегіжаяу жүргінші жолынан қайта жүріп өтті. Атақты 4 музыканттың суреті 1969 жылы 8 тамыз күні жасалған. Пол Маккартнидің бұл жерге келетінін, тарихи суретті қайталайтынын естіген фанаттар жиналып, қолдау көрсетті. Бұл сәтті таспаға музыканттың қызы Мэри Маккартни түсірген. Пол инстаграм парақшасында осы суретке байланысты көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақты қойған адамға жауап берді. Онда 50 жылға жуық уақыт бұрын жасалған суретте The Beatles тобының өзге мүшелері аяқ киімде, ал Маккартни жалаң аяқ болғанының себебін білгісі келген. Ол күн өте ыстық болды. Мен дәл қазіргідей сандали киіп жүрген болатынмын. Мен бар болғаны оны шешіп тастағаным жөн болар деп шештім. Менің жалаң аяқ болуымда ешқандай терең мән жоқ. Ыстық күн ғана себепші, деді музыкант.