2022 жылдың мамыр айының соңында аты аңызға айналған швед тобы ABBA мүшелері 36 жыл ішінде алғаш рет көпшілік алдына шықты. Музыканттар Лондон Олимпиадалық саябағында ABBA Voyage концерттік резиденциясының ашылуына келді. 75 жастағы Бенни Андерссон, 72 жастағы Агнета Фальцког, 76 жастағы Анни-Фрид Лингстад және 77 жастағы Бьорн Ульваэус 70-жылдары әнімен тыңдармандары жүрегін жаулап, аты аңызға айналған әйгілі төрттік. TengriMIX және Retro FM ұсынатын "Бір әннің тарихы" жобасының жаңа шығарылымында ABBA тобының ең танымал композицияларының бірі "Dancing Queen" әнімен танысатын боламыз.
BBC радиосының диджейі Крис Эванстың айтуынша, Виндзор сарайындағы мерекелік шарада патшайым Елизавета "Әнді естісем, билемесем тұра алмаймын, өйткені мен патшайыммын әрі билегенді жаным сүйеді," – деген.
Dancing Queen туындысының авторлары ABBA тобының жігіттерді - Бьорн Ульваеус, Бенни Андерссон және топ менеджері Стиг Андерсон. Топтың ресми сайтында айтылғандай, алғашқы нұсқасында ол Boogaloo деп аталды, ал атаудың соңғы нұсқасын Стиг шығарған. Бұл ретте музыканттар Джордж МакКрейдің Rock Your Baby әні мен доктор Джонның Gumbo альбомынан шабыт алғанын айтқан.
ABBA вокалисті Энни-Фрид Лингстад The Guardian басылымына берген сұхбатында: "Менің сүйікті әнім әрқашан Dancing Queen болды. Менің ойымша, ән нағыз шедевр. Бенни үйге минусовканың таспасын алып келіп, оны маған тыңдап көрші деп, ойнатқаны есімде. "Әуен үні құлаққа жағымды болғаны сонша, мен жылап жібердім. Бұл тіпті Агнета екеуміз ән айтқанға дейін болды! Мен бұл ABBA орындаған ең керемет ән екенін түсіндім." Екінші вокалист Агнета Фальцког әріптесін қолдай кетті: "Қай әннің хит болатынын анықтау көбіне қиын. "Dancing Queen" әнінеде өзіне тән бір ерекшелік болды. Оның биікті бағындыратын туынды болатынын бәріміз білдік".
Кез келген түнгі клубта би алаңының ханшайымына айналатын қыз туралы жазылған ән оңай болғанымен, аранжировкаға көп уақыт кеткен. Ән соншалықты шебер өңделген. Оған авторлар жарты жыл жұмсаған. Кейіннен ешкім 1975 жылғы түпнұсқаның дыбысын дәл шығара алмаған.
Ән авторы Бьорн Ульвеус бір сөзінде: "Бенни екеуміз Dancing Queen аспаптық композияциясын өңдеп болған соң, қатты толқығаным сонша, ұзаққа дейін тыныштала алмадым. Біреумен бөліскім келді, ал Агнета болса шаршаған еді. Көлікпен тыңдайтын адам іздеп әрі-бері жүріп мен әпкемдікіне келдім. Мен оған бұл әнді қайта-қайта ойнадым. Біз әннің осыншалықты құлаққа жағымды естілгеніне сене алмадық",— дейді.
Әннің өн бойында оның әуені әрбір салтанатты шара сайын биікке шарықтап, жанды шексіз қуаныш пен шаттық сезіміне толтырып тұрғандай көрінеді. Әуеннің өзі қарапайым: ол төрт нотадан тұрады, бірақ ABBA-ға дейін ешкім оларды бұлай шеберлікпен қолданбаған.
Dancing Queen дыбысталу жағынан ерекшеленеді. Аранжировкамен жұмыс істей отырып, музыканттар "дыбыс қабырғасы" техникасын, сондай-ақ ерекше араласқан әртүрлі әуендерді пайдаланды. Олардың айырмашылығын есту мүмкін емес болса да, олардың жоқтығы барлық кавер нұсқаларында байқалады. Сондықтан гитарада немесе фортепиано арқылы ән мүлде естілмейді. Бұл Dancing Queen - Live with Benny Andersson жазбасында қатты байқалады.
1975 жылы жазылған "Dancing Queen" 1976 жылдың тамызына дейін жарық көрмеді, ол Arrival альбомының басты әні ретінде таныстырылды. Сол себепті әннің релизін әдейі кешіктірген болатын.
Dancing Queen ресми түрде жарыққа шыққан бірнеше күн ішінде ол халықаралық хитке айналды, Ұлыбританияда алты апта бойы бірінші орында болды. Ол сондай-ақ басқа 13 елде үздік атанды.
1976 жылы маусымда Dancing Queen Швеция королі Карл XVI Густаф пен болашақ патшайым Сильвия Соммерлаттың алдында орындалды. Спектакль барысында Агнета мен Фрид сәнді винтаждық көйлектер киген, ал Бьорн мен Бенни 18 ғасырдағы швед әскери киімдері стиілінде костюмдер киген. Қойылым соңында музыканттар патшаға бұрылып, тағзым етті. Осыдан кейін тіпті ескі швед дәстүрлерін ұстанушылар да топқа қызығушылық танытты.
Музыканттар Dancing Queen швед корольдік жұптың үйлену тойынан бір жыл бұрын дүниеге келгенін және оның атауы метафора екенін бірнеше рет айтқан. "Мұндай атаумен ән болғандықтан, сіз оны осындай гала-концертте орындау үшін таңдайтын едіңіз. Әннің кейіпкері биші қыз. Ол дискотека ханшайымы, одан басқа ешкім емес...", - деді Бьорн Ульваеус.
Blondie тобының гитаристі Крис Стейн олардың 1979 жылғы Dreaming хиті Dancing Queen әнінен көшірілгенін мойындады. Ирландиялық U2 рок-тобы бұл әнді 1992 жылы Zoo TV турында орындады, ал Бьорн мен Бенни оларға Стокгольмдегі концерттерінде қосылып, бірге ән шырқады.
КСРО-да Dancing Queen әнн орыс тілінде ВИА "Поющие сердца" орындады. Орыс тіліндегі мәтінді Игорь Кохановский жазған.