Белгілі пародист Олжас Сыдықбек ұлды болды. Өмір есігін жаңа ашқан сәбиге әлі есім қойылмаған. Бұл сүйінші xабарды сықақшы өзінің инстаграм парақшасында "Сүйінші, ағайын! Ұлды болдым!!! Аллаға сансыз шүкірлік!" – деп жазып, көпшілікпен қуанышын бөлісті.
"Хабар" арнасының бас продюсері, тележүргізуші Ринат Думанұлы Олжасты алғашқылардың бірі болып құттықтады.
Құттықтаушылардың қатарында актер Нұркен Өтеулов пен ақын Қалқаман Сарин де бар.
Қалқаман Сарин құттықтау сөзін өлеңмен өрнектепті:
"Жақсы əзілмен беруші едің жан емін,
Ұлды болып нұрға толды əлемің.
Балалы боп өзің бүгін жатырсың,
Балық аулап жүрген кеше бала едің!" – деп жазды Қ.Сарин
Естеріңізге сала кетейік, Олжас пен жары Арайлым 2015 жылдың маусым айында шаңырақ көтерген болатын.