Қазіргі таңда қазақша әндер өзге тілдерге аударылып айтылуда. Қазақ әндерін көбінесе қырғыз немес қытай тілінде айтылып жүргенін жиі көріп жүрміз. Ендеше назарларыңызға өзге тілдерде айтылған қазақ әндерін ұсынамыз.
Қытай халық Республикасының мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің жары әнші Пэнь Люань Ахмет Жұбановтың "Қарлығаш" әнін қытай тілінде орындап, оған бейнебаян түсірген.
Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның орындауындағы "Алло" әні хитке айналғаны белгілі. Бұл ән қырғыз елінде де хитке айналған секілді. Өйткені Қырғызстанның Жакут Садықов пен Наргиза Айтемірова есімді әншілер қырғыз тілінде орындап, ол әнге бейнебаян түсген.
Мариям Жагорқызының "Дудар-ай" әні қытай тілінде орындалып, көпшілікті таң қалдырды.
Қайрат Нұртастың ең алғашқы шыққан "Арман" әнін Жамбыл Қараев атты әнші ноғай тілінде "Яным" деп орындап, осы әнге бейнебаян түсірген.
Қырғыздың жас әншісі Дима Боконов Нұржан Керменбаевтың "Қазақтың баласы" атты әнін "Бірге шырқайық" деп қырғыз тілінде аударып, әнге бейнебаян түсірген.
Дереккөз: juldyz-alem.kz