- Негізгі бет
- Музыка
- Ойын Майкл Джексонның...
Ойын Майкл Джексонның әні үшін сатылымнан алынды
Әлемдік интернет-дүкендерден GTA: Vice-City ойынын бұдан бұлай сатуға болмайды. Атақты поп-жұлдыздың әнін бұл ойынның құрастырушылары ешқандай келісім-шартсыз ала салғандығы белгілі болып отыр.
Персоналды компьютерлерге арналған Grand Theft Auto: Vice-City ойынын сандық дүкендерден шеттетудің негізгі себебі Rockstar компаниясының марқұм Майклдың өкілдерінен ешқандай рұқсатсыз пайдаланғандығы екен.
Steam сандық қызмет көрсетуші дистрибуциялық компания ойынды өз сауда қорынан алып тастаған. Лицензиялық келісім-шарты үлкен мәселеге айналған екі ән – «Билли Джин» және «Сен бірдеңе ойластырдың» деп аталады («Billie Jean», «Wanna be startin' somethin'»). Ойын құрастырушыларының бірі мәселе шешіліп жатса ғана Vice-City ойыны қайта сатылымға түсуі мүмкін екенін айтып шектелді.
Атақты "Билли Джин" әнінің бейнебаяны - 1996 жыл
Айтар кетер болсақ, ойында 9 радиостанциядан саундтректер ойнатылады. Оның жетеуі музыкалық арналар болса, екеуі ток-шоу форматында. Музыкалық арналарда Майкл Джексоннан басқа да 80 жылдардағы жұлдыздар Мотлей Крю (Motley Crue), Каттинг Креу (Cutting Crew), Джудас Прист (Judas Priest) және Лаура Бранингадардың әндері бар.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: planetiphone.ru
А. Құлтай