- Негізгі бет
- Музыка
- Өтірікші әнші жеңіске...
Өтірікші әнші жеңіске жете ме?
Букмекерлік кеңселер «Евровидение - 2013» байқауында кімнің жеңіп шығатынын болжап қойды. Ақпарат құралдары болса, сахнада жалаңаяқ өнер көрсететін даниялық бойжеткенге қатысты түрлі мәліметтерді қызу талқылап жатыр.
«Новости» агенттігінің мәліметінше, Эммили де Форест – әлем жұрты үміт артып отырғандардың көш басында. Ол Only Teardrops («Тек қана көз жасы») деген әнді жалаңаяқ орындайды. 20 жастағы әнші жалаңаш табанның көмегімен айрықша қуат алатынын айтады. Ақпарат құралдары «Евровидение - 2013»-тің іріктеу кезеңінде даниялық әншінің бір өтірігі әшкереленгенін хабарлайды. Журналистерге өзін ағылшын патшайымы Викторияның ұрпағымын деп келген Эммили кейін мұның жалған пиар екенін мойындаған. Еуропалық ән байқауы бүгін мәресіне жетеді. Сарапшылардың пікірінше, жеңістен үміткерлердің ондығына Даниямен бірге Украина, Ресей, Норвегия, Әзірбайжан, Грузия, Италия, Германия және Нидерланды да еніп отыр.
Жолдаған: Болатбек Мұхтаров
Сурет: khersonline.net
А. Құлтай