Отандық жұлдыздардың ең әдемі той көйлектері (фото)

Отандық жұлдыздардың ең әдемі той көйлектері (фото)
Фото: nur.kz

Қалыңдықтың той көйлегі салтанат кешінде көзге ерекше түсетін болғандықтан, бойжеткендер оған баса назар аударып, көйлек таңдауға тыңғылықты дайындалады. Сонымен қалыңдық кейпіндегі отандық жұлдыздарымыз қандай көйлек киген екен көрейік.

Мәдина Сәдуақасова

садвакасова той

Мәдина Сәдуақасова тойға екі қалыңдық көйлегін таңдаған. Бірінші көйлегі жұбайы Олжас Смағұловқа ашық-шашық көрінгендіктен, Мәдина басқа қалыңдық салонына баруына тура келген.

Аша Матай

аша матай1

Осы жылдың 25 қыркүйегінде әнші Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтың үйлену тойы өтті. Аша Матай той көйлегіне Ivory сән салонына тапсырыс берген.

Дильназ Ахмадиева

ахмадиева той

Дильназ Ахмадиева 2011 жылы кәсіпкер Ахмад есімді жігітпен бас қосып, Астанада дүркіретіп той өткізді. Әртіс қалыңдық көйлегін дизайнер Vera Wang топтамасынан таңдаған.

ахмадиева

Айдай Исаева

айдай исаева1

“Қазақстан аруы-2013″ атанған Айдай Исаева кәсіпкер Мақсат есімді жігітпен отау құрып, қазақстандық сәнгер Наил Байкүшіков әзірлеген көйлекті киіп шыққан.

айдай исаева

Аружан Жазылбекова

аружан жазылбекова

Актриса Аружан Жазылбекова мен режиссер Ахат Ыбыраевтың тойы 2013 жылдың 6 қыркүйегінде өтті. Қалыңдықтың той көйлегі көпшілік назарын еріксіз өзіне аударды.

Динара Қырықбаева

кырыкбаева1

Әнші Динара Қырықбаева той көйлегінің асты толық пішінді үлпілдек болғанын, ал иығы ашық тұруын қалаған.

Аиша

аиша

Әнші Бүркіт пен Аишаның салтанатты кешінде Аиша жинақы ақ сары түсті қалыңдық көйлегін киіп шықты.

Әйгерім Мырзагереева

мырзагереева

Әнші әрі актер Арыстан Мырзагереевтің жұбайы, “Алматы вице-мисі” атанған Әйгерім Мырзагереева Justin Alexander топтамысындағы көйлекке таңдау жасаған. Көйлектің әсем үлгісі, ерекше тігісі, түсі бойжеткеннің көзіне бірден түскен.

Скрипкашы Лана

Лана

Скрипкашы Лана қалыңдық киіміне грек стиліндегі көйлекті таңдаған. Салтанатты кеш Алматының гольф-клубында өткізілген.

Анастасия Черкасова

черкасова 1

FM тобының экс-солисі Анастасия Клещенко жүктілігін жасырып тұрған бірнеше қатпарлы көйлекте ең сәнді қалыңдықтардың бірі болды.

Дереккөз: NUR.KZ

С. Ерсін