Отандық әншілер әлемдік деңгейде өнер көрсетті

Отандық әншілер әлемдік деңгейде өнер көрсетті
Фото: Массагет

Отандық орындаушылар жаңа деңгейде өнер көрсете бастады. «Сәлем, ұлы дала" жобасының қатысушысы Серік Ибрагимов қосарланған шоудан алған әсерімен massaget.kz тілшісімен бөлісті.

«Бізді көбінесе шетелмен салыстырады. Сондықтан осындай жобаларды біздің елде де жасай алады, осындай әншілер қатыса алады, айта алады деген мақсатпен жасалған дүние деп ойлаймын. Және өзімді көрсетуге де септігін тигізді. Жобаларыңыз өркендей берсін. Көрермендеріңіз көп болсын. Және сапалы музыка дами берсін,” – деді танымал әнші.

Сапалы музыканы бағалайтын көрермен назарына әр концертте ең танымал, сұранысқа ие орындаушылар жанды дауыста өнер көрсетеді. Бұл шығарылымда Серік Ибрагимовпен қатар, Тамара Асар, ағайынды Жүгінісовтер және Alem band тобы көрермендердің ерекше ілтипатына бөленді.

Өнер көрсетті

Әр жексенбі сайын Жетінші арна тікелей эфирінде көрсетілетін шоу-бағдарламада жоба продюсері Жан Мұқанов арнайы айдарын жүргізеді. Impressario live кезекті сұхбатына келген Тамара Асар өзінің ең жоғарғы қаламақысын жария етті. Танымал әншінің өнер көрсетуі 10 000 АҚШ доллары көлемінде бағаланған екен.

Өнер көрсетті

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, заманауи мега жоба астаналық «Хан Шатыр» СОСО орталығына бірнеше мың көрерменді жинады. Олардың арасынан аса белсенділері «Жұлдыз Фм" радиосының арнайы алаңында жүргізуші Жасұлан Қалимен өз сәлемдерін жолдады.

вв

Ал келесі бағдарламаға Бейбіт Көшқалиев, Ғаділбек Жаңай және тағы басқа орындаушылар шақырылған. Жетінші арна жұлдыздарды жақындатады.

Т. Есқали