- Негізгі бет
- Музыка
- Өскемендік оқушы қыз...
Өскемендік оқушы қыз халықаралық "Алтын нота" байқауының жеңімпазы атанды
Өскемендік оқушы Дарья Шмаленко Мәскеуде өткен жас орындаушылар арасындағы ІІІ халықаралық "Алтын нота" конкурсының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Altaynews.kz порталына сілтеме жасап.
Конкурсқа әр елден 80 бала мен жасөспірім қатысты. Дарья Шмаленко - конкурс қатысушыларының ішінде 60 балды түгел жинаған жалғыз адам.
Дарья вокалмен төрт жасынан бері айналысып келеді. Оның музыкаға деген қабілетін анасы аңғарған. Сол кезден бері Дарья түрлі сабақтар алып, конкурстарда бақ сынап жүр. Ол бұған дейін Санкт-Петербургте өткен халықаралық конкурста екінші, Париж бен Алматыда өткен конкурстан бірінші орын алған. Нью-Йоркте өткен конкурста гран-приді иеленсе, Вьетнамда "Ең үздік дауыс" атағына ие болды.
"Мен де вокалмен айналысқанды жақсы көремін. Менің арманым толықтай орындалды, енді қызыммен бірге оны жүзеге асырсам болды. Қазір біз белгілі бір деңгейге жеттік, енді ары қарай жылжу керек. "Дауыс" жобасына қатысуға өтініш бердік, бірақ ол жақта тек 17 жастан бастап қабылдайды, Дарья - 16 жаста. Жауап күтеміз", - деді Дарьяның анасы Марина Шмаленко.
Е. Жұмабайұлы