Орган тыңдаймын десеңіз

Орган тыңдаймын десеңіз

Әкелі-балалы органшылар - Ғабит, Әділ Несіпбаевтар алматылықтарға әсерлі кеш сыйлағалы отыр. Концертте пернелі-үрмелі аспаптың үні ғажайып шабытқа да, нәзік мұңға да бөлемек.

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының концерттік қызметі жетекшілерінің хабарлауынша, орган музыкасы кеші маусымның 25-і күні сағат 18.30-да өтеді. ҚР еңбек сіңірген артисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, еліміздегі №1 органшы Ғабит Несіпбаев өзінің ұлы, пианист, әрі органшы, халықаралық байқаулардың лауреаты Әділ Несіпбаевпен бірге өнер көрсетеді. Бағдарламада Пахельбель, Бах, Эрнст, Вивальди шығармалары орындалады. «Бүгінде орган музыкасы - Қазақстанда академиялық өнер түрлерінің ішіндегі ең көп сұранысқа ие болатыны. Бұған филармония залына лық толатын көрермен куә. Орган үні көнедегі классикалық музыкадан тылсым шабыт пен нәзік мұңдарды әкеледі. Тыңдап отырып, көзге еріксіз жас алуға болады», - дейді филармония өкілдері. Органды қалғып отырып тыңдауға да болады. Ғабит Несіпбаевтың өзі әдетте ұйқылы-ояу тыңдармандар үшін ренжімейді.

Жолдаған: Болатбек Мұхтаров

Сурет: fil.kz

А. Құлтай