Кеше, Алматының бас сахнасы Республика Сарайында танымал қазақ бойз-бенд "Орда" тобының жеке концерті өтті. Жанды дауыс, заманауи билер, жарықтандыру мен дауыс сапасы көрермендердің көңілінен шықпай қоймады.
Басталуы жарты сағатқа кешіккен концертті Орда тобының фанаттары сабырлықпен күтіп отырды. Бұл 12 жыл өнер көрсетіп жүрген жігіттердің тек екінші жеке концерті екенін есепке алсақ, концертке топтың өнерін сүйіп тыңдайтын нағыз жанкүйерлер жиналғаны көрінді.
Сонау 2000 жылы құрылған топтың өнерлік жолы ерекше болды. Артық қаражат, пиарды қажет етпестен олар қарапайым халықтың жүрегінен ерекше орын алды. Қазақ жерінде танымалдылыққа ие болып, Ресей, Лондонда ән жазу студияларында жұмыс жасап, өнерлерін көрсетіп үлгерді.
Ал кеше Ордалықтар Республика Сарайындағы шоу-концертте бәрін таң қалдырды.
Концертке ертерек келгендер осындай "сахнадан тыс" сәттерді бақылай алды. Есболаттың сары шашы мен біртүрлі бояуы өзіне жарасып-ақ тұр.
Концерт жақында шыққан "Ғашықсың ба" әнімен ашылды.
Би қойылымдары әдеттегідей ерекше, заманауи болды.
Есболат шашының жаңа түсін "сары қазақпын" деп түсіндірді.
Концерттің кешігуінің себебі - Ерболаттың қан қысымы түсіп, ауырып қалуы. Топ мүшелері концертті кейінге ауыстырамыз деп те шешкен еді, алайда Ерболат бар күшін жинап, әдеттегідей мінсіз өнерін көрсетті.
Бұрыннан таныс "Белгісіз жан", "Кеш мені", "Қағаз кеме", "Тағдыр" өлеңдерін залдың бәрі қосылып айтты.
Топ мүшелері жеке өнерлерін де көрсетті.
Бала кезде кімдердің өнері шабыттанғандарын да айтуды ұмытпады.
Топтың барлық мүшелері жиналған сәт.
Концерт әзілге, шоуға, сапалы музыкаға толы 2 сағаттық жан рахаты болды. Топ мүшесі Есболат Беделхан Массагет тілшісіне : "Концерт күтпеген, кенеттен келген ауырлықтарға толы, бар күшімізді салған шара болды", - деп өз әсерін білдіріп өтті.
Ал сіз концерттен қандай әсер алдыңыз?
Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова