Жақында Орал қаласында күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы мен оның дарынды шәкірті Дина Нұрпейісоваға ескерткіш орнатылады.
Биыл күй анасы Дина Нұрпейісованың туғанына 155 жыл толды. Осыған орай өңір басшысы Алтай Көлгінов Динан Нұрпейісова мен оның ұстазы Құрманғазыға бір композиция қоюды ұйғарған екен.
Ескерткіш авторы: танымал мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мұрат Мансұров. Ол Алматыдағы «Тәуелсіздік», Астанадағы «Қазақ елі», «Керей мен Жәнібек» сынды монументтерді салуға қатысқан, еліміздегі көптеген ескерткіштердің авторы.
Бұл жобаға алдымен республикалық конкурс жарияланып, соның нәтижесінде үздік жұмыстар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы мемлекеттік комиссияға жіберген. Байқау қорытындысы бойынша, Мұрат Мансұровтың жобасы озық деп танылған екен.
Ескерткіш жұмысы үш айда өз нәтижиесін берді. Жалпы салмағы бес тоннадай болады. Астанадағы көркемөнер комбинатында құйылған. Жұмсалған қаржы көлемі 67 млн. теңгенің шамасында.
Тағы бір қуанышты жаңалық, Ақ жайық өңірінде қазақтың үш батыр қызы –Хиуаз Доспанова, Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұловаға ескерткіш орнатуға қаражат бөлу мәселесі шешіліп жатыр.