14 маусым күні елімізде теңдесі жоқ Алтын Шипагер 2018 сыйлығы танымал қазақстандық баритон, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожинге табыс етілді. Атақты қазақстандық опера әншісінің белсенді түрде қоғамдық қызметпен, қайырымдылықпен айналысатыны белгілі. Еске салар болсақ, осы жылдың сәуір айында елордалық театрдың жетекші солисі онкологиялық аурумен сырқаттанған музыкалық колледж студенті Есімбек Рахаттың тілегін орындаған еді. Есімбек өзінің пір тұтатын сүйікті әншісі баритон Сүндет Байғожинмен танысуды армандаған. Опера әншісі осынау арманды қуана-қуана орындады, ол өз мамандығында енді-енді қадам басып келе жатқан жас әріптесі Есімбек Рахаттың ауыр тағдырына бар жан-тәнімен қайғырды. Келесі күні ол ауруханаға жас жігітке қайта барып, оған өзінің Қазақстанның үздік опера әншісі 2018 мүсіншесі мен емін жалғастыруы үшін ақша қаражаттарын табыс етті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Сүндет Байғожинның игілікті іс-әрекетін атап өтіп, оны Алтын Шипагер сыйлығымен марапаттады. - Рахат, саған деген жақсылығым он есе қайтарылады. Мен бақыттымын, бәріміз де сенің тезірек сауығып кетуіңді күтеміз! Саған жасалған отаның сәтті өткенін білемін, ол 10 сағатқа жалғасыпты. Өзіне берік бол, мықты бол, жақын арада аяғыңа тез тұрып кет, біз әлі де сенімен бірге сахна төріне шығып, өнер көрсететін боламыз, - деп, танымал опера әншісі Сүндет Байғожин қолдау сөздерін жеткізді.