Оңтүстік Кореядағы ірі музыка фестивалінің директоры: "Eurasia Music Hub-тың болашағы зор!"

Оңтүстік Кореядағы ірі музыка фестивалінің директоры: "Eurasia Music Hub-тың болашағы зор!"

The Spirit of Eurasia 2019 Халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалінің ұйымдастырушылары Оңтүстік Корея мен Өзбекстаннан келген спикерлерді таныстырды. Оңтүстік Корея спикері – Seoul Music Week шоу-кейстер фестивалінің директоры, GloMMnet коммерциялық емес ұйымының қатысушысы Jung Hun Lee, ал Өзбекстаннан музыкалық менеджер, Cacan.info негізін қалаушылардың бірі Сардор Газиев келді.

Қазақстан үшін бірегей Eurasia Music Hub конференциясы 4-5 шілде күндері Нұр-Сұлтандағы Wyndham Garden Astana қонақүйіне өтеді. Шара Қазақстандағы Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қолдауымен өтеді.

“Бәріңізге сәлем! Менің атым Jung Hun Lee, Seoul Music Week шоу-кейстер фестивалінің директорымын. Нұр-Сұлтан қаласында өтетін тұңғыш практикалық музыка конференциясы құтты болсын. Бұл конференцияның болашағы зор деп сенемін. Eurasia Music Hub-қа өз тәжірибеммен бөлісуге барамын. Мен әлемдік музыка индустриясы жайлы бар білгенімді айтып беруге дайынмын. Eurasia Music Hub-та кездескенше!” - деді кореялық спикер видеожолдауында. 

Халықаралық Seoul Music Week шоу-кейстер фестивалі – бұл музыка әлеміндегі кәсіби мамандарды біріктіретін шара. Халықаралық фестиваль-жәрмеңке кореялық музыканы дәріптеуге арналған. 2019 жылы Seoul Music Week 17-19 мамырда өтті. Онда гугак (кореялық аспап музыкасы), джаз, инди-поп, фолк сынды музыкалық стильде өнер көрсетілді. Фестивальге 23 оңтүстіккореялық, 18 шетелдік әртістер мен топтар келіп қатысты.

“Ура! Бұған да жеттік! Мұндай бастаманы көбі күтті! Мен Сардор Газиев, Cacan.info Орталық Азиядағы мәдениет және өнер қайраткерлерінің желісінің негізін қалаушылардың бірі, OXUS Culture мен Өзбекстан атынан қатысатыныма қуаныштымын. Біз музыка менеджментінде 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Осынша уақыт ішінде Өзбекстан мен шетелде біршама жобаларды жүзеге асырдық”, - дейді өзбекстандық қонақ.

“Жеке жобаларымызбен қатар Өзбекстан мен Орталық Азияда арт-менеджментті дамытуға үлесімізді қосып келеміз. Біз тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізіп, Өзбекстандағы, Орталық Азиядағы мамандармен бірігіп нетуоркинг аясын кеңейтіп келеміз. Жергілікті орындаушыларға әлемдік нарыққа шығуға кеңес береміз, "Шарк тароналари", "Шашмаком" және "Бахши" музыка фестивальдеріне тұрақты қатысамыз.

Біз өзбек музыканттарды шетелдерде танытып жүрміз, мысалы WOMEX әлемдік музыка жәрмеңкесінде. Сонда Eurasia Music Hub сынды фестивальдің керек екені сезілді. Мен Орталық Азиядағы әріптестеріммен қауышатыныма қуаныштымын, барлық қатысушылармен серіктестік орнатамыз деген сенімдемін”, - дейді Сардор Газиев.

Eurasia Music Hub – қазақстандық музыканттарға әлемдік нарыққа шығуға бірегей мүмкіндік. Eurasia Music Hub бағдарламасында практикалық конференция, еуропалық және азиялық музыка индустриясының өкілдері өткізетін сабақтар, world music музыка жанрының ең танымал музыканттарының мастер-класстары мен show-case-тер бар. Іс-шара әлемдік world music музыка саласындағы тәжірибе алмасудың бірегей кәсіби алаңы болады, онда продюсерлер, орындаушылар және фестивальдердің ұйымдастырушылары кездеседі. 

Eurasia Music Hub конференциясының бас менеджері Раушан Джуманиязова – белгілі қазақстандық менеджер әрі ғалым. Ол конференция мақсаты туралы: "Мұндай шара Қазақстанда бұрын-соңды болмаған! Eurasia Music Hub – музыка нарығындағы сазгерлер, продюсерлер, әлемдік world music музыкалық жанрын бағалайтындар сынды барлық ойыншыларға арналған музыкалық платформа" - дейді ол. 

Халықаралық сессия барысында 8 елдің спикері сөз сөйлейді. Олар – Оңтүстік Корея, Марокко, Польша, Германия, Франция сынды елдерден келген музыкалық продюсерлер. Орталық Азиядан Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан өкілдері болады.

Massaget.kz