«Өнеге» өнегелі концертке шақырады

«Өнеге» өнегелі концертке шақырады

Мейрамбек Беспаев бастаған «Өнеге» республикалық журналы мен «Unity KZ» қайырымдылық қоры «Өмірге құштарлық» атты концерт ұйымдастырмақ. Қайырымдылық мақсатта жасалып жатқан шара 20 қазан күні сағат 19.00-де Қазақконцерт залында болады.

Ақмолалық Айлан Дәулетбаеваның туа біткен кемістігі болған, өңеші бітеу болып туылған. Өңеші мен асқазаны қосылмағандықтан бала өз еркімен тамақтана алмайды. Қазақстанда жасалған өңеш пен асқазанды қосуға ота жасағаннан кейін бірде-бір бала тірі қалмаған. Ал Айланға Қазақстанда 5 рет ота жасалғанымен, оның жағдайы әлі ауыр. Ресей дәрігерлері баланы емдеуден бас тартқан, себебі қазақстандық дәрігерлер Айланға қажет емес оталарды жасап, оның өміріне орасан зор нұқсан келтірген. Айланға көмектесуге тек Израильдың дәрігерлері келісіп отыр. Бір жастағы Айлан өмір сүргісі келеді. Өмірге құлшынған сәбиге қол ұшын берейік, ағайын. Қазір Айланның қорында 10 мың доллар ғана ақша бар. Оны емге жіберу үшін тағы да қосымша қаржы жинау қажет. 


Сәбиге көмек қолын созу мақсатында осы жылдың 20 қазанында Мейрамбек Бесбаев бастаған «Өнеге» журналының ұжымы «UnityKZ» қайырымдылық қорымен бірігіп қайырымдылық концертін ұйымдастыру ісіне кіріседі.

Концерттен түскен қаржы толығымен Айланның шотына аударылады. Концертке қазақ эстрадасының танымал өнер иелері: Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Жанболат пен Жазира, Ақмарал Леубаева, Жанар Айжанова, Жұбаныш Жексенұлы, Шахизада, Мадина Сәдуақасова, Меруерт Түсіпбаева, Роза Әлқожа, Индира Расылхан, «Денар» тобы, «Асыл» тобы, «Азия» тобы, Ерлан Орынбасаров, Таңат Мамырханов, Беркут пен Аиша және т.б. әншілер мен «Өнер қырандары» әзіл-сықақ командасы қатысады.

Билеттер Chocolife.me сайтында тиімді бағалармен сатылады. Немесе 8(727)270-81-74; +7 707 817 85 05 нөмірлеріне хабарласу арқылы билеттерді қолға түсіре аласыз.

 Дайындаған: Өнегелі Динара

А. Құлтай