Мемфистегі Хьюмс-Хай мектебінің кітапханасы 13 жасар оқушы Элвис Преслидің қолы қойылған абонементтік карточкасын АҚШ-тағы өткен аукционда 7,5 мың долларға сатты, деп хабарлайды сауданы жасаушы Heritage Auctions ұйымының арнайы сайты.
Карточка өткен жылы кітапханадан «Батыл жүрек: жас оқырмандарға арналған Эндрю Джексонның өмірі» (Courageous Heart: A Life of Andrew Jackson for Young Readers) кітабына инвентаризация жасалған кезінде ұрланған екен. Кітап Демократиялық партия құрған АҚШ-тың алғашқы президенттерінің біріне арналған. Гитараға құмар жас бала Джексоннның өміріне қатты қызыққан.
Аукцион үйінің айтуы бойынша, Элвис Преслидің 1948 жылы карточкада қойылған қолы оның ең алғашқы қолтаңбасы болып саналады. Әнші ол кезде өзінің алғаш жүлдесін туған қаласы Тьюпелодағы жәрмеңкеде Old Shep деп аталатын халық әнін шырқағаны үшін алған болатын.
Сонымен қатар аукционда оның үндістандық шебердің қолынан туған көгілдір ақықтан жасалған білезігі де қойылған. Бұл бағалы бұйымды әнші Канадаға сапарында 1957 жылы сатып алыпты. Кейін оны астарына қолтаңбасы қойылған төсемемен досына сыйлаған. Оның арасында әншінің гитарасы мен сақинасы, қадірлі Кароль сыйға тартқан Пальм-спринг полициясының офицерлік белгісі мен жеке куәлігі болған. Жұлдыздың коллекциясын жинаушылар, сонымен қатар, Преслидің Colt Python белгісі бар ойыншық тапаншасын да ұсынды. Пресли үнемі өзімен бірге қару алып жүрген. Алпысыншы жылдардан кейін қаруын сахнаға алып шыға алмағасын амалсыз ажырап қала беретін сәттер басталған.
Мемфистегі аукционды табынушылыр рок-н-ролл королі атанған атақты әншінің өмірден озғанына 35 жыл болғанына байланысты ұйымдастырып отыр. Ол өмірден өтсе де музыканың биігін бағындырған атақты орындаушы болып қала бермек. Оның әндері тыңдарманның құлағына ғана емес, жүрегіне сіңіп қалған.
Алтын, қола, мультиплатиналы сыйлықтардың иесі атанған Преслидің әлемде өмірінің соңына дейін жазған 150 альбомының миллиардтан аса компакт-дисктері сатылып үлгерген. Бір рет те емес, екі рет те емес, үш рет «Грэмми» премиясын иеленген атақты әншінің 18 әні Billboard хит-шеруінде бірінші орынды жеңіп алған.
Аты әлемге жайылған жұлдыздың оқушы кезіндегі қолтаңбасын да табынушылары елеусіз қалдырмаған екен, тіпті...
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: my-confession.net, ria.ru