"О, гитара, жан серігім!"

Гитарасын жан серігі еткен жандардың бары рас. "О, гитара, жан серігім" деп әнге қосқан Шәмші ағамыздың да бұл аспап жақынына айналды. Біз осыған дейін сіздерге гитара тарихы туралы айтып өткенбіз. Ал бүгін гитара туралы маңызды деректерді ұсынбақпыз.

Алғашқы гитараға ұқсас аспаптар біздің эрамызға дейінгі екінші мыңжылдықта пайда болған.

Гитара жасайтын шеберді лютье деп атайды.

Қарапайым гитараның диапазоны 4 октаваны құрайды.

Алғашқы электрогитараны 1931 жылы Жорж Бошам имен Адольф Рикенбекер жасап шығарды. Бірақ оның сырты металдан жасалды.


 «Rolling Stone» журналының шешімімен жиырмасыншы ғасырдың ең дарынды гитарашысы Джими Хендрикс (Jimi Hendrix) болды.

Атақты Ibanez гитара бренді испандық гитара шебері Сальватор Иваньестың құрметіне аталды. 

Финляндияда жыл сайын гитара шеберлерінің "Музыкант" атты байқауы өтіп тұрады. Онда гитарашылар көрінбейтін аспаппен ойнайды.

Бірде Хулио Иглесиас апатқа ұшырағанда үш жыл бойы сал (қолынан басқа) болып қалды. Сонда ол гитара үйрене бастады. Сол арқылы ол атақты гитарашы болды.

Әлемдегі ең қымбат гитара - Fender Stratocaster. Ол көп жыл бұрын гитарашылардың қайырымдылық акциясында $2,8 миллионға сатылды.

Әлемдгі ең қымбат гитаралар сериясы - Fender Midnight Opulence. Құны - $90 000.

Әлемдегі ең кішкентай гитараны Cornell университетінің шеберлері жасады. 

Әлемдегі ең үлкен гитараны 2001 жылы Хьюстон ғылыми технологиялық Академиясының қызметкерлері жасап шығарды. Гитараның салмағы - 1023 килограмм. Ал ұзындығы - 13 метр, 26 сантиметр.

Гитараның әлемдегі ең танымалы - Fender Stratocaster.

Британдық Крис Блэк в 1995 жылы осы Fender Stratocaster гитарасына үйленді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: re-actor.net