Əнші Нұрлан Өнербаев сахнаға қайта оралатынын мәлімдеді. Шығармашылығын қайта қолға алған әртіс ұзақ уақыт жұрт назарынан неге тыс қалғанын түсіндірді.
"Қазіргі жұрт əншісін сахнадан емес, инстаграмнан іздейтін болды. Егер əлеуметтік желіде жүрсе, ендеше оны бар деп есептейді. Жоқ болса жоғалып кетті дейді. Мен сияқты əлеуметтік желіні қолданбайтындар бар. Мысалы, мен облыстарға шығып, концерттерге қатысып тұрамын. Мені жоғалтып алған жандар инстаграм мен фейсбуктен емес, концерттен іздесін", – деді Өнербаев.
Әнші мемлекеттік қызмет мерзімі аяқталып, қазір бар уақытын өзінің шығармашылығына арнап жүргенін тілге тиек етті.
"Көктемнен бастап республиканы аралап, жеке концерттерімді өткізсем деймін. Күзге қарай қорытынды концертті Алматыда не Астанада өткізермін деген ойым бар", – деді әнші сөз соңында.
Дереккөз: aikyn.kz