Белгілі әнші Нұрлан Албан «Свобода слова» басылымына берген сұхбатында болашақта қариялардан тұратын «Абыз ақсақалдар» тобын құрғалы жатқанын айтты, – деп жазады alashainasy.kz.
Әнші осы уақытқа дейін «Аруана» деп аталатын әжелер тобын құрғанын, ал алдағы уақытта тағы бір үлкен жобаны жүзеге асырмақ ойы бар екенін жеткізді.
"Мен қазақтың әжелерін ғана емес, сонымен бірге аталарымызды, қарияларымызды сахнаға шығарғым келеді. Осы мақсатта үлкен кастинг жарияланады. Аталардан, қазақтың абыз ақсақалдарынан құралған топ құрмақ ойым бар, қазір осы мақсатта 7 атаны іздеу үстіндемін", — деді Нұрлан Албан.
Ал аталарға қойылар талап қандай деген сауалға әнші: «Соншалықты ауыр талап қоямын демеймін. Топты сөзі салмақты, ойы орнықты, қазақылығы мен иманы мол, сақал-мұрты келіскен ақсақалдардан құрсақ деймін. Тек одан кейін барып музыкалық қабілетін бағалайтын боламыз«, — деп жеткізді ол.
сурет: yvision.kz