- Негізгі бет
- Музыка
- Нұржан Керменбаев әке...
Нұржан Керменбаев әке атанды
Фото:
todaynews.kz
"Арнау" тобының мүшесі, көпшілікке танымал әнші Нұржан Керменбаев тұңғыш рет әке атанды. Бұл жаңалықты ең бірінші әншінің өзі инстаграм желісіне жариялады. "Сүйінші Қазақ елі! Алла ұл сыйлады. Әке болдым! Анам әже болды! Есімі − Мүслім. Қуанышты күндеріміз көп болсын", − деп Нұржан оқырмандарынан сүйінші сұрап үлгерді. Біз де әншінің қуанышына ортақтасып, әке болуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Естеріңізге сала кетейік, Нұржан биыл 26 наурызда отбасын құрған болатын. Үйлену тойы Жезқазған қаласында әншінің туған жерінде өтті. Жарының есімі − Назерке. Ол Тараздың тумасы. Нұржан мен Назеркенің жас айырмасы алты жыл.
moreInfo:http://kaz.tengrinews.kz/show/ansh-nurjan-kermenbaev-ake-atandyi-266741/
cop