- Негізгі бет
- Музыка
- Нұрғиса Тілендиевтің күйлері...
Нұрғиса Тілендиевтің күйлері
Бүгін – композитор, дирижер, дәулескер домбырашы, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиев Атабайұлының дүниеге келген күні.
Қазақ музыка мәдениетіне өшпес із қалдырған Нұрғиса ағамызға "қазақ сазының сайыпқыраны" деген атақ берілген. Ол «Алтын таулар» операсының (Қ.Қожамияровпен бірге), «Достық жолымен» балетінің (Л.Степановпен бірге), «Ортеке» балет-поэмасының, «Менің Қазақстаным» кантатасының, оркестрге арналған «Поэма», «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс салтанаты» атты кіріспелердің, 400-ге тарта ән мен романстың авторы. 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазды. Мәселен, Нұрғиса Тілендиев музыкасын жазған М. Әуезовтың, Ш. Аймановтың, Ә. Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» фильмдері әрқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған.
Қазақтың арда ұлы туралы қосымша мәліметтерді, қызықты оқиғаларды мына жерден толық оқи аласыздар. Ал төменде композитордың бірнеше туындысын бере кетуді жөн көрдік.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: massaget.kz