- Негізгі бет
- Музыка
- Нұр-Сұлтанда Eurasia Music...
Нұр-Сұлтанда Eurasia Music Hub музыкалық конференциясы өтеді
4-5 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы Eurasia Music Hub халықаралық конференциясы өтеді.
Өтетін орны – Wyndham Garden Astana қонақүйі. Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қолдау көрсетеді. Форумға eurasiamusichub.com сайты арқылы кез келген адам тегін тіркеле алады.
Eurasia Music Hub бағдарламасында практикалық конференция, еуропалық және азиялық музыка индустриясының өкілдері өткізетін сабақтар, world music музыка жанрының ең танымал музыканттарының мастер-класстары мен show-case-тер бар.
Іс-шара әлемдік world music музыка саласындағы тәжірибе алмасудың бірегей кәсіби алаңы болады, онда продюсерлер, орындаушылар және фестивальдердің ұйымдастырушылары кездеседі.
Eurasia Music Hub конференциясының бас менеджері Раушан Джуманиязова – белгілі қазақстандық менеджер әрі ғалым. Ол конференция мақсаты туралы: "Мұндай шара Қазақстанда бұрын-соңды болмаған! Eurasia Music Hub – музыка нарығындағы сазгерлер, продюсерлер, әлемдік world music музыкалық жанрын бағалайтындар сынды барлық ойыншыларға арналған музыкалық платформа.
Біздің ойымызша, бұл ерекше бір дүние болмақ, өйткені жоба алдына керемет мақсаттар қойған. Біз музыканттар, продюсерлер, өнер қайраткерлері, Еуропа мен Азияның әртүрлі елдерінің жетекші әлемдік музыка фестивалінің режиссерлері арасында білім алмасу және практикалық дағдыларды қалыптастыру үшін кәсіби алаң құру мүмкіндігіне ие боламыз деп үміттенеміз.
Ең негізгі мақсаттардың бірі – еліміздің және бүкіл Еуразия аймағының музыкалық нарығының экспорттық әлеуетін дамыту. Біздің өңіріміздің музыкасы теңдессіз әрі өте әсерлі екені белгілі. Дегенмен, ол әлемдік индустрияда айтарлықтай танымалдыққа ие бола алмай келеді. Біз бұл бағытқа тек назар аудартып қана қоймай, өңірдің музыкалық экспорттық нарығының негізін қалаймыз." -деді.
Сондай-ақ, Раушан Джуманиязова Қазақстан Eurasia Music Hub шарасында жоғары деңгейде таныстырылатынан айтты: "Біздің мәдениетіміз, музыкамыз бен әлеуетімізді көрсете білу өте маңызды. Шарада қазақстандық үш топ болады, олар ұсынған show-case-тен музыканттардың кәсібилігі мен қуатын білуге болады. Сондай-ақ қазақстандық ғалымдар өздерінің музыкалық нарық инфрақұрылымын құруға қатысты тәжірибесі туралы айтылады. Халықаралық сессия барысында 8 елдің спикері сөз сөйлейді.
Олар – Оңтүстік Корея, Марокко, Польша, Германия, Франция сынды елдерден келген музыкалық продюсерлер. Біздің аймақтан Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан өкілдері болады. Конференция қатысушылары өз тәжірибесімен бөліседі. Шарадан күтілетін нәтижелер – музыканттар мен әлемдік музыка индустриясының өкілдері арасында белсенді байланыс орнату. Біздің өңір мен бүкіл әлемдік ынтымақтастық".
А. Оралқызы