- Негізгі бет
- Музыка
- "Новая волна" тарихында...
"Новая волна" тарихында қазақстандық қатысушы тұңғыш рет жүлделі орынға ілікті
Халықаралық "Новая волна-2015" байқауында үшінші байқау күні аяқталды, оның қорытындысы бойынша лауреаттар анықталды. 13 жылдан бері Қазақстан атынан шыққан әнші Адеми екінші орын алып отыр.
Осыған дейін қазақстандықтар "Көрермендер көзайымы" және "Алла Пугачеваның арнайы жүлдесі" секілді сыйлықтарға ие болған еді. Ал үштікке жақындай алғандар Rin’Go (4-орын), Қайрат Түнтеков (4-орын) және The Jigits тобы (4-орын).
Конкурстың соңғы күні қатысушылар өз репертуарындағы авторлық әндерін орындады. Жас әнші Адеми (Динара Қайырова) "Последняя весна" әнін орындады, бұл әнді оған танымал композитор Ренат Гайсин арнайы жазып берген болатын. Композицияны ол Батырхан Шүкеновке арнады. Қазылар алқасынан жоғары ұпай алған ол екінші орынды индонезиялық қатысушы Милаин Фернандезбен бөліп алды.
Қазақстаннан қатысып жатқан тағы бір топ - Voice KZ тобы - "Бір сен үшін" композициясын орындады, оның авторы "Новая волна-2015" байқауының лауреаты Брендон Стоун. Жігіттер әнді екі тілде айтты - бірінші қазақша, екіншісінде орысша. Осылайша, қазақстандықтар алтыншы орынға түсіп қалды, алайда бастапқы күндері жалпы есепте үштікке кіріп жүрген еді.
Байқауда хорват әншісі Дамир Кедзо жеңіске жетті. Айта кетейік, барлық қатысушы Сочиде үш аптадан астам уақыт өткізді, олар байқауға дайындалып қана қоймай, уақыттарын қызықты өткізіпті. Мәселен, әнші Адеми бірінші рет футбол ойнаған.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
Ж. Исакаев