Музыканы барлығымыз сүйіп тыңдағанымызбен, оның негізі болатын нотаның толық атаулары туралы еш бас қатырып көрмеген болармыз. Ноталарға ерте орта ғасырларда өмір сүрген италиялық сазгер Гвидо д’Ареццо атау берген.
Олардың толық атаулары мынадай:
Do – Dominus – Жаратушы;
Re – rerum – Материя;
Mi – miraculum – Ғажап;
Fa – familias рlanetarium – ғаламшарлар жанұясы немесе Күн жүйесі;
Sol – solis – Күн;
La – lactea via – Құс жолы;
Si – siderae – Аспан.
Музыканы қағазға жазып түсіруде қолданылатын графикалық шартты белгілерді нота деп атау да Гвидоның заманында, яғни Х ғасырда енгізілген. Ноталарға берілген атаулар бірден құпталып, қолданысқа еніп кетпеді. Тіпті ХVII ғасырға дейін Еуропада нота жазу жүйесі қалыптаспай, музыкалық сауаттылық дамымай келді. Кейіннен арнайы мектептер ашылып, музыка ілімін оқыта бастаған кезде, нотаның атаулары да кеңінен таныла бастаған.
Сурет: krichevsky.info