«Мюзикола» - Қазақстан эстрадасындағы бірегей топтардың бірі. 1993 жылы танымал сазгер-музыкант Болат Сыздықов пен жас әнші Карина Абдуллина біріге отырып, шығармашылық жұмысын бастады. Әу бастан, «Мюзикола» гитаро-акустикалық еуро-поп бағытын ұстанды.
Топ жаңа әндер жазып, сахналардан көріне бастады. Алайда, «Девочка в платьице белом» әнінің топ шығармашылығында орны бөлек. Баяу лирикалық ән жарыққа шыққан бойда, тыңдарман көңілінен шығып, үздіктердің қатарынан көріне бастады.
«Девочка в платьице белом» әні «Мюзикола» тобының бағын ашқан ән. Бұл әнді естіген танымал продюсерлер топпен шығармашылық байланыс орнатып, «Мюзикола» өз шығармашылығындағы алғашқы келісім-шартқа қол қойды. Осы әнге Санкт-Петербург қаласында бейнебаян түсіріліп, ол бірден таралып, көрермен қауым оны жылы қабылдады. Бейнебаян экранға шыққан соң, топ мүшелеріне түрлі ұсыныстар мен шақыртулар келіп, топ кеңінен таныла бастады.
1996 жылы Алматыда өткен «Азия дауысы» фестивалінде «Девочка в платьице белом» аталған жылдың үздік әні болып танылды. Дәл осы жылы «Мюзикола» тобының «Девочка в платьице белом» альбомы жарыққа шығады.
Танымал әннің шығу тарихы қандай?
Топтың кеңінен танылуына арқау болған ән сөзін Еркеш Шакеев, ал әуенін Болат Сыздықов жазған.
«Мюзикола» өз шығармашылығын бастап, топ мүшелері шығармашылық ізденісте жүреді. Мәскеу қаласындағы студиялардың бірінде ән жаздырады. 1995 жылы Болат Сыздықов ән сазын жазып, оны Каринаға көрсетеді. Ән сазы Каринаның көңілінен шығып, біраз толықтырулар мен түзетулер енгізіледі. Топ мүшелері бірден Алматыдағы белгілі сзагер әрі ақын Еркеш Шакеевке хабарласып, ән сазына мәтін жазып беруін сұрайды. Еркеш Шакеев қолына қалам мен қағаз алып, әнге сөз жазуға кіріседі. Осы кезде оның жанына ақ көйлек киген кішкентай қызы Меруерт келеді. Ақын қызының үстіндегі ақ көйлекті әнге қосуды жөн санап, осылай «Девочка в платьице белом» әнінің сөзін жазып шығады.
Ән сөздері дайын болған соң, дереу Мәскеуге хабарласып, Карина мен Болат мәтінді жазып алады. Арада біраз уақыт өткен соң, топ мүшелері Еркеш Шакеевке «Девочка в платьице белом» әнін тыңдатады. Дайын әнді естіген Еркеш Шакеев: «Бұл нағыз хит!» деп жоғары баға берді.
Тамаша орындау, әсем әуен, мағыналы сөз бір арнада тоғысты. «Девочка в платьице белом» әнін тыңдаған қауым көз алдында ақ көйлектегі нәзік қызды елестетіні хақ. Карина Абдуллинаның айтуы бойынша, «Девочка в платьице белом» әнінен кейін ол сахнаға ақ көйлекпен шығуға міндетті болды.
Девочка в платьице белом
Әні: Б. Сыздықов, сөзі: Е. Шакеев
Сон мой не со мной,
Сон мой там, где мой дом,
Там, где летним днём
Я пришла на свет свой.
Песни нежные
Пела мама моя,
Руки тёплые
Помнила всегда я.
Қайырмасы:
Девочка в платьице белом,
Быть одна ты не хотела,
А сейчас ты ничья.
Девочка в платьице белом
Грустною быть не умела,
А теперь ты одна.
Небо и цветы
Были рядом с тобой,
Стали не нужны
Никому твои сны.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/oSgavBwemWA?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"330"});
Суреттер: jam.kz, meloman.kz