- Негізгі бет
- Музыка
- Музыканың пайдасы мен...
Музыканың пайдасы мен зияны
Ән дегеніміз не? Ән дегеніміз ең кең таралған музыкалық шығарма жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы. Ән мазмұнына қарай азаматтық, революциялық, лирикалық, әзіл әндер деп бөлінсе, шығу тегіне байланысты халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни және орындалуы мен құрылымына байланысты жеке дауысты, көп дауысты болып бөлінеді. Біз көбіне көп жеке орындаудағы әндерді тыңдаймыз. Сол тыңдаған әндеріміздің пайдасы мен зияны туралы айтайық.
Жұдырықтай жүректің түкпіріне бойлап, алпыс екі тамырыңды идіріп, сан түрлі сезім толқынысына түсіретін әуезді әуендер де жеткілікті. Абай атамыз айтқандай «әннің де естісі бар, есері бар» Демек ән тыңдаудың да өз ерекшелігі мен артықшылығы, пайдасы мен зияны да бар екен. Алдымен пайдасын сөз етер болсақ, музыканың адам баласы үшін керек кезі көп. Музыка алдымен адамның жүрек соғысын реттейді екен. Сол арқылы шерді тарқатып, көңілді жайландырады. Сонда дене жайбарақат күйге түседі. Бұл күй бүйрек, бауыр, ас қорыту, қан айналымына да оң әсер ететіні анықталған. Жүкті әйелдер таңертең және кешке қарай, ұйықтар алдында баяу ойналатын жағымды музыка тыңдап жүрсе іштегі нәресте сабырлы, төзімді болып туылады дейді. Сонымен бірге сәбидің есту және есте сақтау қабілеті жақсы дамиды екен. Мұндай балалар мейірімді болатыны да дәлелденген.
Зиянды жағын айтар болсақ, алдымен уақытты бекер өткізуге себеп болады. Психологтар музыканы үздіксіз тыңдау, оның даусын қатты шығарудың кері әсері көп екенін айтады. Статистика жол апатының 68 пайызы көлікті музыка даусын өте қатты шығарып айдағанда болатынын көрсетеді. Және де рок-музыканың адамды қатыгез ететіні, миды шаршататыны белгілі. Ондағы ритм мен «удар» тым жоғары болса да адамның жүйкесі жұқара бастайды екен.
Сурет: econet.ru, yvision.kz