Қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұра, рухани жәдігерлерінің ішінде ғасырлар сүзгісінен өтіп, бүгінгі күнге дейін жеткен көл-көсір әндерін әрбір қазақ тыңдауы тиіс. Осы мақсатпен Алматы қаласында бір топ музыкант қазақтың ұлттық аспабы саналатын 30 жетігенмен дәстүрлі әндерден попурри жасады.
Кәсіби музыканттар "Туған жер", "Белес - Белес", "Гәкку ", " Әгугай " әндерінен тұратын құраманы орындаған кезде бүкіл тыңдарманның делебесі қозып, қазақ халқының рухани жәдігерлерін мақтан тұтатынын ду қол шапалақпен көрсетті.