The New York Times газеті жүргізген тәжірибе нәтижесі бойынша, адамның музыкалық талғамы жасөспірім кезінде қалыптасады екен. Талдау барысында Spotify қызметі ұсынған деректер пайдаланылды. Ерлер үшін музыкалық талғам қалыптасуының ең маңызды кезеңі 13 жастан 16 жасқа дейінгі аралықты құрайды. Орташа алғанда, олардың сүйікті әні әдетте 14 жасында тыңдаған тректерінің бірі болады. Ал, әйелдер үшін ең маңызды кезең 11 жас пен 14 жас аралығындағы уақыт және бір қызығы, олардың сүйікті әндері 13 жасында тыңдаған таспаларынан қалған композициялар болып шықты. Бұл зерттеу балалық шақта тыңдалған әуендердің ерлерге қарағанда әйелдердің музыкалық талғамында көбірек із қалдырады екен. Сондай-ақ, талғам қалыптасуының негізгі кезеңдері жыныстық пісіп-жетілудің аяқталуымен сәйкес келеді. Мысалы, Radiohead тобының Creep әні 38 жастағы ер адамдар арасында көп тыңдалады. Ол 1993 жылы шыққан, демек о кезде тыңдармандар 14 жаста болған. The Cure тобының 1987 жылы шыққан Just Like The Heaven композициясы қазір қырық жастағы әйелдер арасында танымал. Әннің шыққан сәтінде олар 11 жаста еді.