- Негізгі бет
- Музыка
- Музыкалық аспаптардың тарихы...
Музыкалық аспаптардың тарихы
Гармоньның тарихы
Гармоньның тарихы жайлы нақты ақпарат сирек кездеседі. Оның дәл қай уақытта жасалғаны туралы да айту қиын. Бірақ та кейбір деректер көзіне сенсек, гармонь аспабы бізге немістердің елінен жеткен көрінеді. Өткенімізге үңіліп қарасақ, гармоньдар 18-19 ғасырларда Германия, Австрия, Италия, Франция және Англия елдерінде қатар қолданылған. Сондықтан да гармоньның шығыс жақта қалай тап болғаны жөнінде де нақты дерек келтіре алмаймыз.
Гармондардың жасалуыне келер болсақ, кезінде әр шебер аспап жасау ісінде түрлі формаларды пайдаланды. Бірақ гармонь тарихы дегенде оның тақтайшасын алғашқылардың бірі болып кім жасағанын біліп алған жөн. Кейбір деректерге сүйенсек, гармоньның тақтайшасын жасаумен ресейлік академик А.М.Миреку айналысқан. Ол 1783 жылы тұңғыш толық құрылымды гармоньды ең алғаш рет жұрт алдына шығарды. Ол осы жасаған жаңа аспабына «гармония» деп ат қойды. Кейінірек «гармония» сөзі ауыздан-ауызға айтылып жүріп, «гармошка» де атала бастады. Ал аспатың бүгінгі ресми атауы – гармонь.
Саксафонның тарихы
Саксафон – үрмелі музыкалық аспап. Саксафон осыған дейін ешқандай ағаштан жасалмаса да, оны музыкада ағаштан жасалған үрмелі аспаптардың қатарына жатқызады. Саксафонның «туысы» саналатын аспап – кларнет.
Саксафон аспабы 19 ғасырдың 40 жылдары өмірге келді. Оны бельгиялық танымал қолөнер шебір Адольфом Сакс жасап шықты. Уақыт өте келе саксафонның баритон, тенор, альт, сопрано және сопранино түрлері де өмірге келе бастады.
Скрипканың тарихы
Скрипканың өзіндік халықтық тарихы бар. Бұл аспаптың арғы тегі арабтардың ребаб аспабы мен француздардың фиделі, немістердің ротасы.
Скрипканың бұрынғы формасы XVI ғасырда жасала бастады. Осы ғасыр мен XVII ғасырдың басында белгілі Аматилер отбасы скрипка жасау ісімен шұғылданды. Олардың аспаптары өзіндік өзгеше формасымен және жақсы сапасымен үнемі ерекшеленді. Осы скрипка өндірісі-ақ Италия елінің абыройын біраз аспандатып тастады. Сол замандағы Страдивари мен Гварнери атты шеберлердің скрипкасы өте өтімді болды. Спасына тағар ешкім де мін тапқан жоқ. Олардың жасаған аспаптарының құны да жоғары болды.
Скрипканың бүгінгі түрі XVI ғасырдың аяғында пайда болып, XVII ғасырдан бастап кең түрде қолданыла бастады.
Археологиялық зерттеулер кезінде Месопотамия жерінен б.з.д алты мыңыншы жылдардан сақталған кішкентай цилиндр пішінде жасалынған ежелгі ұрмалы аспап табылған. Оңтүстік Америкадағы үңгірлерде ұшырасқан қабырғадағы суреттерде де осы аспаптың бейнесі кездеседі. Ал Моравия жеріне табылған барабан б.з.д 5 мыңжылдан бері сақталып келген. Алғашқы барабанға ұқсас ұрмалы аспаптарды ежелгі шумерлер тайпасы да қолданған. Демек, бұл аспаптың тарихы басқалармен салыстырғанда тым тереңде жатыр. Сол уақыттан бері сақталып келе жатқан бұл аспаптың бүгіндері де сұранысы аз емес.
Бұрындары барабан тек сигналдық не дабылдық құрал ретінде ғана қолданылып келген. Сонымен қатар барабанның дыбырына қосылып ежелгі тайпалар діни билерін билеген, осылайша өздерінің ғұрыптық рәсімдерін өткізіп тұрған. Әскери шаралар мен түрлі жиындарда да бұл белгілі бір өзінің маңызы бар рөлдерді атқарған.
Уақыт өте келе, осындай рәсімдердің ретімен барабан үндері салмақты жиындарда басқару рөлін атқарып жүрді.
Мәселен, XVI ғасырда барабандар британдық әскердің жаяу әскерлік жауынгерлерінде де қолданылды. Генрих VIII кезінде 100 адамдық құрайтын әскери бір ротада екі барабаншы болу керек болған. Ол кездері барабан аспабы «Назар аудар!», «Қатарға тұр!», «Дайындал!», «Алға қадам бас!», «Атысқа шық!» , «Шегін!» сынды бұйрықтарды жеткізу үшін қызмет атқарған.
ХХ ғасырда барабан аспабының екі маңызды атқарар қызметі болды. 1920-1940 жылдары Gretsch компаниясы ағаштан көпқабатты етіп барабанның сыртын жасады. Барбан құрастырудағы бұл әдіс бүгіндері де қолданылып келеді.
Арфаның тарихы
Арфа аспабы Ирландия елінің ұлттық символы саналады. Бұрындары осы елдерде арфашылар өте сыйлы адамдар саналған. Олардың әлеуметтік дәрежелері де қара халықтан не басқа да өнер иелерінен жоғары болған. Соғыс басталған тұста арфашылар шайқасқа қатысатын ерлердің рухын көтеру мақсатында арфа аспабында ойнаған. Құнды арфалардың бетінде өзгеше асыл тастары мен қымбат бұйымдары болған. Тіпті кейбірі оны алтын жалатып та жасаған.
Кельт арфалары ирландық ұлтшылдықты танытатын символ есебінде болған. 19 ғасырдың алты жүзінші жылдары ағылшын патшасы Генри VIII Жаңа Жердің ресми символына арфаның бейнесін жасатты. Сол уақытта шыққан тиындарға да осы бейнені орнатты.
Кейінірек жергілікті арфашылар ирландықтардың бас бостандығын көздеген ел ішіндегі «революциялық» қақтығыстарға қатыса бастады. Содан бастап британ ел басқарушылары тез арада кельт арфаларының дәрежесін бұрынғыдан түсіріп тастада да, арфистерге өлім жазасын бұйыруды талап етті. Міне, осы кез арфа аспабы үшін қаралы жылдар еді. Осындай жағдайлардан кейін, кельт ұлтының музыкасы да құрдымға кете бастады.
Бірақ 1792 жылдан бастап, арфа өз іргесін қайта көтере бастады. Сол жылы жоғалған дәстүрді қайта жаңғырту үшін Белфаст жерінде байқау өткізілмек болды. Шақырулар мен хабарландырулар жергілікті газет беттерінде жариялана бастады. Кең түрде өткізілетін жиынға арфашыларды да шақырды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлық тағайындалды. Бірақ та қорқынышқа бой алдырған 15 жастан 97 жасқа дейінгі арфистерден тек оны ғана жиналды. Бүкіл Ирландия жерінен осынша ғана арфашының жиналуы түсінікті де еді. Өйткені бағзыдан бері арфадан көңілін басқаға аударып көрмеген өнерлі халықтың мысын британ үкіметі басып тастап еді.
Бірақ байқауды ұйымдастыруға кеткен қаражат өзін-өзі ақтай алмай қалмады. Байқауға ағылшын органшысы Эдвард Бантинг арфада ойнайтын арфашылардың туындыларының нотасын жазып алу үшін арнайы шақырылған болатын. Бантинг 1797, 1809 және 1840 жылдары жазып алған ноталарын жинақ етіп шығарды. Осы арқылы ол арфа аспабына байланысты түрлі теориялық және техникалық білім алып үлгерді. Мұнан кейін Бантинг арфа аспабын өзі де қолға алып көргісі келді. Бантингтың жинақтарына негізгі дәйектемелерді дарынды кәрі арфашы Торла О’Каролане (1670-1738) берді. Ол өз саналы ғұмырында жүзге жуық шығарманы өмірге әкелген. Олардың кейбірі қазір де кездеседі.
Осыншама уақыт өте келе, арфа аспабы қайта азаттық алып, қайта жаңғыра бастады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: 12mesyatcev.ru, magixclub.sitecity.ru, my.mail.ru
А. Әбілхан