Сторм Торгерсон есімі ән сүйер ағайынға жақсы таныс. XX ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениетін бұл суретшінің жұмыстарынсыз елестету қиын.
Сторм Торгерсонның Hipgnosis студиясы Led Zeppelin, Cranberries, 10сс, AC/DC, Black Sabbath, Muse сынды танымал топтардың альбомдарының мұқабасын жасаған. Стормның атағы бала күнінде жақсы дос болған әйгілі Pink Floyd тобы мүшелерінің ықпалымен шықты.
Оның ғажайып туындылары әлемге әйгілі болып, мәдениеттің құнды мұраларының қатарына енді.
Айта кетелік, Сторм Торгерсон жақында ғана 70 жасқа толды. Назарларыңызға оның үздік жұмыстарын ұсынамыз:
Pink Floyd, «Division Bell — Stone Heads» альбомы, 1994.
Pink Floyd, «Delicate Sound of Thunder» альбомы, 1988.
Pink Floyd, «Tree Of Half Life» альбомы, 1997
«Мен шынайы нәрселерді бұрмалағанды, «бүлдіргенді» жақсы көремін. Сондықтан менің кейбір жұмыстарым «бұл шынайы ма, әлде қолдан жасалған ба?» деген сұрақ тудырады».
Pink Floyd, «A Momentary Lapse of Reason» альбомы, 1987.
Сторм Торгерсон фотошоп пайда болғанша өзінің ғажайып туындыларын қағаз бен қайшының көмегімен жасап жүрді. Жұмыс істеу әдісін компьютерлік графика пайда бола салысымен өзгертті.
Кезекті жұмыстарының бірінде оған біреу келіп: «Теңіздің жағасына осыншама кереуетті тізіп қоюдың не керегі бар? Компьютердің көмегімен көбейте салуға болады ғой», - дейді. Ол сол кезде: «Себебі, маған бұлай жасауға рұқсат берілген», - деп жауап берген екен.
Cranberries, «Wake Up and Smell The Coffee» альбомы, 2001.
Muse, «Absolution» альбомы, 2003.
Pink Floyd, «Dark Side of the Moon» альбомы, 1973.
Muse, «Uprising» үнтаспасы, 2009.
Pink Floyd, «Wish You Were Here» альбомы, 1975.
Strawbs,«Deadline» альбомы, 2012.
Biffy Clyro, «Opposites» альбомы, 2013.
Biffy Clyro, «Only Revolutions» альбомы, 2009.
Thornley, «Tiny Pictures» альбомы, 2009.
Pendulum, «The Island» үнтаспасы, 2010.
10cc, «Look Hear?» альбомы, 1980.
Disco Biscuits, «Planet Anthem» альбомы, 2010.
Pink Floyd тобының 30 жылдығына арналған плакат, 2004.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: oxyxo.ru