Бүгін, 1 қазан – ЮНЕСКО елдері арасында халықаралық музыка күні. Бұл мереке 1973 жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты – халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтып, өнер өмірінде тәжірибе алмасу. Талайларға түрлі көңіл сыйлаған құдіретті музыканың құрметіне қадір-қасиетін жете танытатын ақпараттармен қанықтырамыз.
Ән айтқан адам миын шаққан артық ойлардың бәрінен арылып, ештеңе уайымдамайды.
Әуен – адамның есту қабілетінен айырылуын болдырмайды. Музыкаға қызықпайтын адамдарға қарағанда, композиторлар, музыканттар, әншілер құлақтары жақсы еститіні анықталған.
Жақсы көретін әніңді тыңдау – жауапсыз махаббатыңды ұмыттырып, жаңа өмірге қадам басуға жол ашады.
Музыка адамның ойлау қабілетін арттырып, есте сақтау жүйесін жақсартады. Әуенді қаншалықты көп тыңдасаңыз, соншалықты нәтижесіне көз жеткізесіз.
Зерттеушілер сөзіне сүйенсек, жағымды әуен тыңдай отырып, белгілі бір өнімге деген талғамың 60 пайыз жоғарылайтын көрінеді.
Әуен өліп қалған өсімдікке жан беруге қабілетті. Солып қалған үй өсімдігінің жанына колонка қойып, әсем әуен қосып қойсаңыз, белгілі уақыттан соң өсімдігіңіз өмірге қайта келгеніне куә боласыз.
Дене шынықтыру кезінде әуен тыңдау басқа кездегі жаттығуға қарағанда 20% нәтижелі болады екен. Мұны допинг (ағзаны сергітетін дәрі) қабылдаумен салыстыруға болады.
Музыка адамды бауырмал, мейірімді етеді. Психологиялық тәжірибе жүргізгенде, күнделікті сүйікті әуенін тыңдайтын адам кемінде бес рет адамдарға көмек беріп, қол ұшын созатыны анықталған.
Психологтар әуен тек адам көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, өзіне сенімділік туғызып, көздеген мақсатына діттеген кезінде жеткізетінін айтады.
Музыка жүректі емдейді. Жүрегі ұстап не ота жасалған адамға көмегі көп. Жағымды әуен тамыр жүйесін емдейтіні ғылыми тұрғыда дәлелденген.