Музыка саласындағы рекордтар

Музыка саласындағы рекордтар
Фото: zhurkamurkamagazine.ru

Музыкасыз өмірді елестету мүмкін емес. Бірақ қандай әуен жиі тыңдалғанын, кімнің концерті ең көп табыс алып келгенін біле бермейміз. Бүгінгі мақалада музыка саласындағы рекордты атайтын боламыз.

Spotify желісінде жиі тыңдалған ән
"Shape Of You" / Эд Ширан

Эд Ширанның "Shape Of You" туындысы – Spotify желісінде жиі тыңдалған ән. Оны 2,439 миллиард рет тыңдалған. Екінші орынға Пост Мэлонның "Rockstar" әні жайғасқан.

Алғашқы ондыққа Ширанның "Thinking Out Loud" және "Perfect" әндері кіреді. Джастин Бибердің "Love Yourself" әнін Эд Ширан жазғанын ескерсек,  атақты әндердің 40%-ы оған тиесілі. 

Ең сәтті тур
"The Divide Tour"/ Эд Ширан

Картинки по запросу "Эд Ширан концерт"

Концертке сұраныс болуы – әншінің танымалдық көрсеткіші. Эд Ширанға тізімдегі тағы бір рекорд тиесілі: оның "The Divide Tour" (2017-2019) тарихтағы кассалы тур атанды. Ол концерттен  $775 миллион табыс тапқан болатын.

Ең көп "Грэмми" ұтқан әнші
Георг Шолти

Картинки по запросу "Георга Шолти"

"Грэмми" жүлдесін жиі сынға алса да, музыка әлеміндегі ең атақты әрі беделді жүлде болып қала береді. Британ-венгер композиторі әрі дирижер Георг Шолти "Грэмми" мүсіншесінің саны бойынша көш бастап тұр. Ол 31 рет ұтқан. Одан кейінгі орынға Куинси Джонс (28) пен Элисон Краусс (27) тұрақтады. 

Ең жылдам рэп
Эминем

Картинки по запросу "эминем"

Өзінің жаңа "Godzilla" туындысында ол 30 секунд ішінде 229 сөз айтылған. Яғни, секундына 11,3 буын айтылған. Оған дейінгі рекорд та Эминемге тиесілі: 2018 жылы Ники Минаждың "Majesty" әнінде ол секундына 10,3 буын айтылды. 

YouTube желісінде жиі қаралған бейнебаян
"Despacito"

Картинки по запросу ""Despacito"

YouTube тарихындағы ең жиі қаралған бейнебаян "Despacito" әніне тиесілі. 2000-жылдар бейнебаяндары арасында "Axel F" Crazy Frog (2 миллиард көрілім) көш бастайды. 


Т. Есқали