- Негізгі бет
- Музыка
- Музыка қалай пайда...
Музыка қалай пайда болған? #2
Ең алғашқы аспаптарға қарап, олардың еңбек құралдарымен бірдей болғандығын байқауға болады. Ішекті аспаптар садаққа ұқсатылып жасалған. Ал үрлемелі аспаптар дауысты алысқа жеткізуге арналған құралдармен бірдей, тек көлемі кіші болып келеді.
Ал көп адам қатысатын би жануарларға еліктеуден, адамның аңшылық барысында қандай әрекеттер жасайтындығымен байланысты туған.
Музыканың көмегімен жануарларды қолға үйретіп, балық аулайтын болған. Грек мифологиясына сәйкес Орфейдің музыкасына тек адам баласы мен жануарлар ғана емес, барша тіршілік иесі тамсанып, ағаштар мен таулар да бас иетін болған. Ағып жатқан өзен тоқтаған.
Ертеректегі Араб философтары «Ақылды музыканттың бекер ойнағаны жарамас. Бастапқыда лютня ішегінің төменгі бөлігінен бастап, артынша би билететін ырғақтар орындалып, соңында жанды тынышталдыратын тәтті дыбыстар орындалған дұрыс» деп айтқан екен.
Мұнымен қатар осыдан 2000 жыл бұрын музыканың көмегімен бір нәрсені жек көргізіп, екінші нәрсені жақсы көргізуге болатындығы анықталған.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай