Танымал отандық әнші Мөлдір Әуелбекова 4 желтоқсан күні ұзатылды. Бұл туралы жұлдыз өз парақшасында жариялап, қуанышты хабарымен жанкүйерлерімен бөлісті.
“Кеше сырға салынып, ұзатылдым. Енді бүгін беташар болды. Барша дүйім xалық болып қуанышыма ортақ екендеріңізді білемін. Тамаша тілектеріңізге, жылы лебіздеріңізге, құттықтауларыңызға үлкен алғыс! Жақсы көремін ғой сіздерді”, – деп жазған әнші өз парақшасында.
Әуелбекова ұзатылу мен сырға салу сәтінен біраз фотоларымен де бөліскен.
Дереккөз: NUR.KZ