Мирас пен Құралай Алматыдан үш қабатты зәулім үй тұрғызды

Өнерде де, өмірде де бірге жүрген жарасымды жұп Мирас пен Құралайға жылқы жылы өте құтты жыл болды. 6 айға созылған үй құрылысы аяқталып, өнер жұлдыздарының ішіндегі ең үлкен, үш қабатты зәулім сарайдың қожайындары атанды. Бұл үйге жұмсалған қаржы да қомақты. Енді, Жаңа жылда еліміздің шоу-бизнес өкілдері сарайдың қоныс тойын тойлауға келмек. Алматыдан үй саламыз деп әншілеріміз 1 жылдың ішінде 15 кг салмақ тастап, елді таңғалдырды. Соған қарағанда, үй салу оңай соқпағанға ұқсайды.

Тағы бір қуаныш. Жақында Мирас мырза «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Творчестволық Бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталды. Отбасы үшін бұл көптен күткен жақсы жаңалық болды. Өйткені өнер саласына өз үлесін қосып жүрген, шәкірт тәрбиелеуде де үздіктердің қатарында жүрген жұлдызды жұп еңбектерінің жемісін көргендеріне алғыс білдіруде.

Сонымен қатар, Мирас пен Құралай дуэті Тәуелсіздік мерекесінің алдында, желтоқсан айының 12-сі, Семей қаласында, «Туған жерге тағзым» атты есеп беру концертін бермек. Естеріңізге сала кетсек, Құралай – Семей өңірінің тумасы. Мереке алдында өз жерлестеріне әсем көңіл-күй сыйлап, шығармашылық жаңалықтарымен таныстыру – перзенттік парызы деп біледі.  Ендеше, әншілерімізге келе жатқан Жаңа жыл да құтты болсын және шығармашылық табыстары көбейе берсін деген тілек айтамыз. 

Сурет: soundcloud.com, Мирас пен Құралайдың жеке мұрағаты