- Негізгі бет
- Музыка
- "Mezzo" тобы 90-жылдардың...
"Mezzo" тобы 90-жылдардың үздік әндерін қайта жаңғыртты (видео)
Қазақстандық классикалық кроссовер стиліндегі әуендерді орындайтын "Mezzo" тобы 90-жылдардың үздік әндерін топтастыра орындап, қайта жаңғыртты. «Бәрін еске ал» деген атпен дүниеге келген туынды өз кезеңінің үздік әндерінен топтастырылып, көрермен мен тыңдарман жүрегіне жол тартып отыр.
Жүрек қылын шертетін 90-жылдардың үздік әндерін қайта жаңғыртуды мақсат тұтқан топ ерекше бейнебаян да түсіріп үлгеріпті. Жеті минутқа созылған бейнебаян үздік әндер попурриінен тұрады. "Mezzo" тобы айтып шыққан 90-жылдардың үздік әуендері қатарына "Мюзикола" дуэтінің "Девочка в платьице белом", "Овощи и фрукты" ұжымының "Перекресток", Рахат Тұрлыхановтың "Зимние ливни", "Нұрлан мен Мұраттың" "Лейла", "АБК" тобының "Тамшылар", Парвиз Назаровтың "Белые облака", Еркеш Шәкеевтің "Никому тебя я не отдам", "L дуэтінің" "Донная осень", Мұрат Насыровтың "Я - это ты", А-Studio тобының "Дождь льет" пен "Үркер" тобының "Наурыз" әндері енген. «Бәрін еске ал» жобасы негізінде түсірілген бейнебаян расында да 90-жылдардың үздік әндерін бір еске түсіреді.
Айта кетейік, "Mezzo" — Қазақстандағы ең алғашқы классикалық кроссовердің вокалды бағытында ән шырқайтын топ. Олар атақты әуендерді классикалық мақамға салып айтып келеді. Топ 2012 жылы өткен "X-Factor" тележобасына қатысқаннан кейін құрылды. Осыған дейін 2014 жылғы танымал қазақ әндерінен жасалған попурри топтамасын ұсынған болатын.
Сурет: mezzo.kz
Ұқсас жазбалар
«Mezzo» тобы Массагет сайтына сұхбат берді (видео)
О. Сансызбай