Әрбір үйлену тойының дәстүрлі әніне айналған Мендельсон маршын әлемде білмейтін адам жоқ шығар. Ұлтқа да, елге де бірдей сіңіп кеткен керемет композиция авторының бізге жетпеген бір туындысы бар екен.
Немістің атақты сазгерлерінің бірі Феликс Мендельсон жазған бір ән осыдан 140 жыл бұрын жоғалып кеткен болатын. Соңғы кездері, деректер мен жеке мұрағатты қайта мұқият тексеру барысында, Мендельсонның жолын қуған немересі сол әннің жазбасын тауып алған. Онысы жөн болған. Атасының еңбегін бағалайтын бала болғанын осыдан біле берсек болады.
Мендельсонның табылған әнінің асыл нұсқасы
Жалпы әннің өзіне көшсек, сазгердің құпия туындысы "Das Menschen Herz ist ein Schact", яғни «Әр еркектің жүрегі менікіндей» деп аталады екен. Композицияны алғаш рет автордың өзі 1842 жылы Берлиннің «Корт» театрында орындапты. Арнайы бір қойылымның музыкалық сүйемелдеуі болуы ықтимал. Ол туралы нақты дерек әзірге табылмаған. Аталған мифтік әуен (сірә, театрлық қойылым мифологияға қатысты болса керек) қалың топтың немесе үлкен қойылымдардың алдында орындалмаған. Сондықтан да, бізге белгісіз Мендельсонның құпиясы болып қалған болар.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.svyatovit.info, news.discovery.com