- Негізгі бет
- Музыка
- "Мені мазақтайтын". Айдана...
"Мені мазақтайтын". Айдана Меденова бала күніндегі проблемасын айтты
Қазақстандық әнші Айдана Меденова 18 жасына дейін артық салмағы болғанын және сол кездері өзін жек көргенін айтты, - деп хабарлайды "Массагет".
Бұл туралы Меденова Instagram Stories-те әңгімелеп берді. Оның айтуынша, кезінде артық салмағы болған екен.
"Кезінде менің артық салмағым болатын. Өте қатты қысылатынмын және де өзіме қозғалу қиын болатын. Көбісі мені мазақтайтын, әсіресе мектепте", - дейді әнші.
Әнші сол кездері толықтығына бола өзін жек көргенін айтты. Бірақ 18 жасында өзгеруді ұйғарған.
"Ол кезде мен өз тәнімді жақсы көрмедім, жек көрдім деп айтуға болады. Бірақ бір күні шешім қабылдадым. Бұл - бұдан былай жалғасу мүмкін емес. Біз бүкіл өмірімізді өз тәніміздің ішінде өткіземіз. Тәніміз - біздің үйіміз. Сол себепті ол бізге жайлы болуы керек. Біз оны жақсы көруге тиіспіз", - дейді ол.
Айдана Меденова өзін қабылдай алмағандықтан суреттерін де сақтамағанын айтты.
"Бұл суреттер қайта жақсырақ, өйткені бұдан үлкен салмақ болған кездегі суреттерді шимайлап немесе өртеп жібергенмін. Шынында да өзімді сондай күйде қабылдай алмайтынмын", - дейді Меденова.
Қазір сымбаты да, дене бітімі де келіскен әнші өзгеру үшін үлкен жолды жүріп өткенін айтты. Ол: "Арманымдағы дене бітімге жетіп, өзімді шартсыз жақсы көретін болдым", - дейді.
Айта кетейік, Айдана Меденова "КешYou" тобының бұрынғы мүшесі. Әнші 2015 жылдың ақпанында бес жылдық келісімшарт аяқталғаннан кейін тобтан кеткен болатын.
Д. Шәріпхан