"Мама" әні - ана рухына тағзым

Белгілі тележүргізуші, «Дауыс International» тобының мүшесі, әнші Жадыра Құтпанованың «Мама» әні анаға деген шексіз сағыныштан туған әсем ән. Бұл әнді әнші арнайы тапсырыспен жазған еді.

Жадыра әнді жаздырған бойда, бірден бейнебаян түсіреді. Мұңды сюжеті бар бейнебаян телеарналардан үздіксіз көрсетіле бастаған бойда, көрермен қауым әннің әнші тағдырымен қаншалықты байланысты екенін білуге асықты. Бәзбіреулер әншінің бейнебаяндағы шынайы образын көріп, «Жадыра жетімдер үйінде өскен», «Бала күнінде оны тастап кеткен» деген қауесет сөздер айтып жүрді. Алайда, бұл әңгімелердің бірі шындыққа жанаспайды. Бір айғағы – «Мама» әні әнші тағдырымен тығыз байланысты.

Әнші үшін «Мама» әні ерекше қымбат ән. Жадыраның бұл әнді жазғызып, бейнебаян түсіруіне отбасындағы қайғылы жағдай әсер етті. 2007 жылы әншінің анасы Махаббат жол апатынан көз жұмады. Анасының өмірінің ерте үзілгеніне қатты қайғырған әнші жалғыздықты сезініп, ана алақанын сағынады. Анасының мезгілсіз қазасы әншіні бірнеше жасқа есейтіп жібереді. Тағдыр жазуына көніп, өзіне басу жасау керек деп шешеді. Өнердегі ағасы Ринат Гайсинге жолығып «Маған ана туралы ән жазып беріңізші» деп қолқа салады. Ән мәтінін белгілі ақын Абдрахман Асылбек жазған.

«Мама» әнін жаздырған кезде әнші бар ішкі күйзелісін шығарады. Әнді жүрегінен қан шығарып орындайды. Анасына деген бар сағынышын, ықыласын, құрметін ән арқылы жеткізуге тырысады. Әнші анасымен бірге болған уақытты еске алып, оны сюжетке арқау етіп, басынан өтіп жатқан күндерді бейнебаян арқылы көрсетеді. Бейнебаян жарыққа шыққан кезде әнші өзін мойнынан ауыр жүк түскендей, ана сенімін ақтағандай сезінеді. Әнші өз шығармашылығы арқылы анасына деген сағынышын басады.

Мама

Әнін жазған: Ринат Гайсин

Сөзін жазған: Абдрахман Асылбек

Айналайын анашым,

Күнім де сенсің,

Гүлім де сенсің,

Үнім де сенсің.

Айналайын анашым,

Санам да сенсің,

Панам да сенсің.

Көздерің шамдай,

Сөздерің балдай.

 

Қайырмасы:

Мама!

Анашым, өркенім де сен,

Ертегім де сен,

Көркемім де сен.

Мама!

Анашым, жанашырым сен,

Жан асылым сен,

Ән асылым сен,

Қасыңдамын мен.

 

Айналайын анашым,

Жүрсем де шалғай

Бір сен деп самғай,

Ұшамын талмай.

Айналайын анашым,

Тірегім анам,

Бір өзің панам,

Әлі күн, мама,

Сәбимін саған.

 

Қайырмасы:

Мама!

Анашым, өркенім де сен,

Ертегім де сен,

Көркемім де сен.

Мама!

Анашым, жанашырым сен,

Жан асылым сен,

Ән асылым сен,

Қасыңдамын мен.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: hittv.kz

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/KQLg_qJyj2g?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"330"});