Әнші Instagram желісінде өзінің екі айлық сәбиімен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. Сәбидің есімі - Әнуар.
Мәдина Сәдуақасованың тұңғышы 17 маусым күні туған еді. Содан бері оның ұлын көргісі келгендер Мәдинаның әлеуметтік желідегі парақшаларында сұрастырып, пікір жазған.
Үстіміздегі жылы әнші «Хабар» телеарнасының режиссері Олжас Смағұловқа тұрмысқа шыққан еді. Олжас Смағұлов Мәдинаға үйленуге ұсынысты әншінің туған күнінде жасаған екен. Ол оны мейрамханаға шақырып, гүл, iPhone және ішінде гауһар тасты жүзік салынған торт сыйлаған. Олжас Смағұлов – Қазақстанның танымал жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың немересі. Ол әншіден алты жарым жасқа кіші.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 2006 жылы Мәдина Сәдуақасова Президент оркестрінде жүргенде танысқан офицер-лейтенантқа тұрмысқа шығып, дәм-тұзы жараспай ажырасқан болатын.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: instagram желісінен