Қазақстандық әнші Қарақат Әбілдина өзінің Инстаграм парақшасында жақын құрбысы болып келетін әнші Мәдина Сәдуақасованың ана атанғанын хабарлады. Инстаграм әлеуметтік желісіне ол Мәдина Сәдуақасова және өзінің кенже ұлы Айсұлтан – үшеуі түскен суретін қойып, «Сүйінші, достар! Мәдинамыз аман-есен болып, дүниеге ұл әкелді! Құттықтаймыз!», – деп жазған.
Естеріңізде болса, 2014 жылдың 2 ақпанында халықтың сүйікті әншісі Мәдина Сәдуақасова телеарна режиссері Олжас Смағұловқа тұрмысқа шыққан болатын. Той көптеген қазақстандық өнерпаздардың басын қосып, Алматыда дүркіреп өткен болатын. Бұл жайлы, сонымен қатар, барлық телеарналар, радиолар, газеттер жарыса жазды. Олжас Смағұлов Мәдинаға үйленуге ұсынысты оның туған күнінде, яғни 2013 жылдың 8 қыркүйегінде жасаған. Ал тойды күйеу жігіттің туған күнінде, яғни 2 ақпанда атап өту жоспарланған болатын.
Екі жастың қуанышына ортақтасып, сәбидің бауы берік болсын дейміз!
Сурет: instagram.com, news.nur.kz
Дайындаған: Анар Мұстафина