Бүгін Алматы қаласы Республика сарайының алдында The Spirit of Tengri фестивалінің жабылу кеші өтіп жатыр. Этникалық музыкаға еліте билеп, ғарышпен тікелей байланысқа шыққыңыз келсе, бүгінгі музыка тойынан құр қалмаңыз. Кеше мәдени брендке айналған The Spirit of Tengri 2018 фестивалінің алғашқы күні өте әсерлі өтті. The Spirit of Tengri фестивалінің ерекшелігі тек музыкасында емес, фестиваль кезіндегі белсенділікте. Биыл да Республика сарайы алаңына жиналған халық түрлі ұлт өкілі, түрлі мәдени орта адамы екеніне қарамастан сиқырлы саз тоғыстырған туған бауырлардай әдемі үйлесімді күй кешуде. Қазақстанға келетін адамдардың саны жыл сайын көбейіп жатыр. Биыл тамаша командалар өнер көрсетеді. Біз асыға күтіп отырған және аудиториямызға тамаша музыкалық кеш өткізгіміз келетін таңғажайып екі күн болмақ, - деді Alash Media Group медиахолдингінің Бас директоры Батыр Қазыбаев. Бұл кезде әдетте арнайы фестиваль үшін Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Израиль сынды елдерден қонақтар келеді. The Spirit of Tengri Отанымыздың мәдени визитті карточкасына айналған. Фестивальдің алғашқы күні Өзбекстаннан Abbos, Қазақстаннан Dj Ras ED мен Dj Arsen Superfly, Франция, Нигер, Алжир елдері бірлестігінен ЕZZA, Бурятиядан Shono, Мозамбик пен Испания музыканттарынан құралған Childo Thomas, Израильден Q2A топтары өз өнерлерін көрсетіп, тыңдарманды шаттыққа бөледі. Егер сіз бүгін де Алматыдан алыста және Республика Сарайының алдында өтетін open-air шарасына келе алмайтын болсаңыз, сізді көпарналы дыбыспен сапалы онлайн-трансляция күтеді, оны Tengrinews.kz сайтынан және The Spirit of Tengri жобасының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан тамашалауға болады. The Spirit of Tengri фестивалі шеңберінде 2018 жылы 2 және 3 маусымда автобустардың жұмыс уақыты ұзартылады - 29, 48, 120, 121, 141 сағат 23:30-ға дейін жүреді. The Spirit of Tengri фестивалі Алматының ең жарқын халықаралық мәдени жобаларының қатарына кіреді, ол музыка әлемінде брэнд болып қалыптасты. Ол әлемге Алматының бірегейлігін, алуандығын, Қазақстанның ықыласы мен қонақжайлығын паш етеді, - деді Бауыржан Байбек. Фестиваль Алматы әкімдігінің қолдауымен өтуде. Жобаның бас серіктесі - Magnum CashCarry желісі. Tez Tour Kazakhstan тур операторы да қолдау білдіреді. Қонақтарды Қазақстан (Hotel Kazakhstan) қонақ үйі қарсы алады. Фестивалге техникалық қолдау білдіретін - KZ Sound компаниясы.