The Beatles тобының бұрынғы мүшесі Джон Леннон мен оның әйелі Йоко Оно 1970 жылы Данияға сапарға шыққанда жазылған сирек кездесетін жазбаны Копенгагенде аукционға қояды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
"Radio Peace" әнінің таспасын 1970 жылы 5 қаңтарда жергілікті мектеп журналына ерлі-зайыптыдан сұхбат алған төрт дат жігіті жазып алған.
33 минуттық жазбада Леннон ерлі-зайыптылардың жаймашуақ қарым-қатынасын, Битлздің имиджінен және шашының ұзындығынан көңілі қалғанын айтады. Жазбада ерлі-зайыптылар шыршаның айналасында билеп жүргенде шырша әндерін шырқайды, ал Леннон гитарада ойнайды және Give Peace a Chance" әнін айтады, Оно радиостанцияға арналған "Radio Peace" деп аталатын қысқа әуенді орындайды.
"Бұл радиостанция жұмыс істемей, ән шығарылмай қалған. Біздің білуімізше, жазба біздің кассетада ғана сақталған", - деді кассетаның иесі Карстен Ходжен.
Bruun Rasmussen аукцион үйінің өкілдерінің айтуынша, кездесуден алынған фотосуреттермен бірге сатылатын кассета 31 500 доллардан 47 мың долларға дейін бағамен сатылады (13,4 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін).
Бұған дейін интернетте Джон Леннон мен Йоко Оно сирек кездесетін видео пайда болған еді.