Ылғи ашық көйлектерімен көзге түсетін Леди Гага стильді киімдерді үйлестіре білу үшін әрқашан әдемі келбетін сақтап қалуы шарт. Сахнада орын алған бірнеше қателіктер, естен танып қалу мен өзге де дерттерден соң Леди Гага кәсіби маманмен бірлесе жұмыс істеуге мәжбүр болды. Оның ақылшысы Бо О’Коннор дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларымен бөлісті.
Тыйым салу көмектеспейді:
Адамдар дұрыс тамақтануды диетамен шатастырып алады да, ылғи тыйымдармен өмір сүреді. Тәтті, бір бокал шарап немесе бір кесек нан. Адам неғұрлым өзіне тыйым салған сайын, соғқрлым дұрыс тамақтану режиміне толықтау ауысу қиындай түседі.
Тамақ дәмді әрі пайдалы болуы тиіс:
Қызынақ пен қиярдан күнде жасалатын салат сіздің ығырыңызды шығарады. Қиялыңызды іске қосыңыз: жаңа бір нәрсенің дәмін көріңіз, түрлі рецептер іздеп немесе ойлап табыңыз. Салаттың өзін сан алуан түрде жасауға болады. Ағзаңызға керекті өнімдерді беруге тырысыңыз. Есіңізде болсын, дұрыс тамақтану деп барлық тамақтан бас тарту ешқандай пайда алып келмейді.
Алмастырушысын іздеңіз:
Жиі тыйым салу арқылы жетістікке жете алмайсыз, бірақ, ол бәрін бас салып, жей беруге болады дегенді білдірмейді. Миды алдап көріңіз – тәбетке қарағанда, мидың қалауы зиянырақ. Бургер жегіңіз келсе – жеңіз. Ол үшін қара бидай ұнынан жасалған нанды, құс еті мен салатқа арналған дәмдеуіштер мен көк шөптерді қолданыңыз.
Жүрек жалғап алуды естен шығармаңыз:
Күні бойы жолда болсаңыз немесе үйде болмасаңыз қарныңыздың ашатыны сөзсіз. Сондықтан, өзіңізбен бірге ылғи тіскебасар алып жүріңіз: сүзбе, жемістер, жаңғақ түрлері. Сонда ғана артық шығындалмайсыз әрі артық салмаққа жол бермейсіз.
Тамақтану режимін алдын-ала жоспарлаңыз:
Апта бойына қандай тағам түрін дайындайсыз? Түскі асыңызға қандай өнімдер керек? Жүрек жалғап алуға арналған тамақ түрлері бар ма? Осы сұрақтарға жауап іздесеңіз болды, алдағы бір апталық тамақтану жоспары дайын болады.
Суды өзіңізбен бірге ала жүріңіз:
Кофе, шырын, шай мен газды сусындарды таза суға алмастырыңыз. Қайда барсаңыз да, өзіңізбен бірге суға арналған ыдысыңызды ала жүріңіз. Әйтпесе, адамдар шөлді ашығумен шатастырып алады.
Спортты естен шығармаңыз:
Тамақтану – жетістіктің жартысы. Леди Гага спорттың нағыз жанкүйері. Ол аптасына бес рет бір сағаттан аса уақыт жаттығады. Йога мен кардио жаттығулар артық салмақтан арыламын десеңіз сізге көмектесері сөзсіз. Тек спортпен шұғылданып қайта тойып тамақтанудан аулақ болыңыз.