Қытайдағы қазақтар ең жиі қоныстанған Іле қазақ автономиялы облысының Текес ауданында «Қара жорға» биіне байланысты ғылыми конференция өтті. Ғылыми мәжілісті облыстық бейзаттық мәдени мұраларды қорғау мекемесі ұйымдастырған. Қыркүйектің 26, 27, 28-і күндері өткен шараға Қытайдағы өзге де қазақ аудандарынан, мысалы Ақсай қазақ ауданынан, Баркөл қазақ ауданынан зерттеуші мамандар, биші өнерпаздардан 200-ден аса адам қатысқан.
Конференцияда биге мұрагерлік етіп жүрген өнер адамдарына «Қара жорға» биін өлшемді бір жүйеге түсіруге, оның із-дерегін халық арасынан жинауға, сахнаға лайықтап, оркестр жасауға, зерттеу мақалаларын жазып мерзімді басылым беттеріне жариялауға күш салып, жұмыс жасауға тапсырмалар берілді.
Сонымен бірге «Қара жорға» биі жайлы радио-телевизиялық үгіт-насихаттар мен аудио, видео құжаттарының тым аз екені жайлы да айтылды.
Конференция соңында «Қара жорға» биінен сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға мол қаржылық жүлде берілді.
"Қара жорға" биі енді қазақ ұлтының биі ретінде ЮНЕСКО қорғауында болады. Мына құжатқа назар аударыңыз.
"Қара жорға" биінің 2013 жылы Әзербайжанда өткен ЮНЕСКО-ның 8-ші сессиясында қабылданған нөмірі 00906-ші құжаты
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: karbars.com