16 желтоқсан күні қазақтың мақтанышына айналған талантты әнші Димаш Құдайбергеннің әлемдік турне аясында Қытайдың Чанша қаласында үлкен концерті өтті. Бұл туралы әншінің әкесіДимашАли шығармашылық орталығының басшысы Қанат Айтбаев өзінің инстаграм парақшасына:Он мың адамдық зал лық толып, көрермендер көтеріңкі көңіл күймен концертке үлкен серпін берді. Бұл кеште қазақ, ханзу, француз, ағылшын тілдеріндегі əндер шырқалды. Димаштың орындауындағы шығармаларды Қытай, Канада, Америка, Ресей, Украиналық музыканттардан құралған оркестр сүйемелдеп, бишілер билерімен өрнектеді. Кеш шымылдығы Қанат Айтбаевтың сөзіне жазылған Димаштың өзінің Сəлем əнімен ашылып, Ұлықпан Жолдасовтың Асқар Дүйсенбінің сөзіне жазылған Жұлдызым əнімен жалғасты. Кеште сонымен қатар Айгүл Бажанованың Махаббат бер маған əнінің ханзу тіліндегі нұсқасы, Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған Димаштың Ұмытылмас күн əндері орындалып - тыңдармандар бірге қосылып шырқады, деп жазды. Бейжің қаласынан келген шығармашылық топ замануи сахналық безендірудің, режиссерлік оңтайлы шешімдердің шеберлігін көрсете білген. Қытай еліндегі қазақ фольклорлық триосы қытай халықтық триосымен бірлесе шығарма орындап концертке көрік берді - достық əуендерін төгілтті. Димаш өзін рояльмен сүйемелдей отырып Естайдың Хорланын орындады. Интернационалдық оркестрмен бірге Нұрғисаның Əлқиссасын, Құрманғазының Адайын домбырамен тартты. Димаштың жақында жазылған Əлемде соғыс болмасын атты төл туындысы қытай тілінде орындалып халықты тебірентті, деп жазады әншінің әкесі. Кеш бойы көрермендердің қошеметі, ықыласы ерекше болды. Концертте кроссовер, этно, классика, поп бағытындағы жалпы саны отыз бір шығарма орындалып, кеш шымылдығы Саят Əбеновтың сөзіне жазылған Димаштың өзінің Тəтті елес əніменен жабылды. Қазақ баласының шет елдегі ауқымды концерті осылайша өз мəресіне жетті.