“Күмбірлеген күміс күй” республикалық домбырашылар байқауы өтеді

Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына арналған “Күмбірлеген күміс күй” республикалық домбырашылар байқауы өтеді.

Ұлтымыздың баға жетпес қазынасы - күй өнері. Күмбірлеген домбыра шанағынан төгілген қасиетті күй - ұлтымыздың өшпес мұрасы, мақтанышы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Жайық даласының рухани-мәдени өміріне жаңа серпін бере отырып, күй өнерінің дамуына үлес қосу мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен,  облыстық мәдениет басқармасының ұсынысы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында 2020 жылдың мамыр айының 27-28 күндері республикалық домбырашылар байқауы өткізіледі. 

Байқаудың мақсаты:

Халқымыздың күйшілік мәдениетінің тарихын ұлықтауға;

Дәулеткерейдің күйлерін халыққа кеңінен насихаттау, күй мұрасын жас ұрпаққа жеткізу;

Республикамыздағы домбырашылардың кәсіби деңгейін шыңдау;

Өнер әлемінде жас домбырашылардың есімдерін ашу.

Байқаудың шарттары

Байқауға Халықаралық, республикалық  домбырашылар сайыстарында Бас жүлде алмаған 17 мен 45 жас аралығындағы өнерпаздар, соның ішінде Нұрсұлтан, Алматы қалаларынан 2 (екі), қалған облыстардан 1(бір) күйшіден, ал Орал қаласынан алдын ала іріктелген күйшілер қатыса алады. 

Байқау ІІІ кезеңнен тұрады.

І кезең:

– Дәулеткерей “Аңшылық”;

– Дәулеткерей “Топан”;

– Дәулеткерей “Қыз Ақжелең-І түрі”;

 –Құрманғазы “Төремұрат”;

 –Тәттімбет “Көкейкесті”.

ІІ кезең:

 –Дәулеткерей “Бапас”;

 –Дәулеткерей “Жігер”;

   –Дәулеткерей “Қос алқа-І түрі”;

– Дина “Байжұма”;

 – Қазанғап “18 жасар Балжан қыз”.

ІІІ кезеңде Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен жеке орындалатын шығармалар:

–Дәулеткерей “Қос ішек”;

–Дәулеткерей “Жеңгем сүйер”;

– Дәулеткерей “Көроғлы”;

–Жантөре “Шалқыма”;

–Сейтек “Торы ат”.

Байқау талаптары:

Сахна мәдениеті;

Орындаушылық шеберлігі;

Күйді жеткізе білуі, артистизм;

Сахналық киімі.

Бағалау

Бас жүлде – біреу (лауреат атағы)

І орын – біреу (лауреат атағы)

ІІ орын – екеу (лауреат атағы)

ІІІ орын – үшеу (лауреат атағы)

Үздік орындаушыларға «Дипломант» атақтары беріледі.

Қазылар алқасы

1.Байқау қатысушыларының өнерін бағалау және қорытынды шығару үшін  қазылар алқасы құрылады;

2.Қазылар алқасының шешімі түбегейлі болып табылады және қайта қаралмайды; 

3.Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде рәсімделеді және оған барлық мүшелері қол қояды. Дауыстар  тең түскен жағдайда қазылар алқасының төрағасы шешуші дауысқа ие болады;

4.Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды;

Қазылар алқасы құқылы:

 -Барлық сыйлықтарды тағайындамауға;

 -Бір сыйлықты бірнеше жеңімпазға бөлуге.

Үміткерлерден қажетті құжаттар:

1.Жеке куәлік көшірмесі;

2.Өмірбаяны;

3.Оқитын (оқушылар мен студенттер үшін) немесе қызмет жасайтын 

орнынан анықтама;

4.13х18 көлемдегі түрлі түсті екі фотосурет (электронды нұсқасы 

 міндетті түрде);

5.Байқауда орындалатын күйлер тізімі;

6.Мекеменің ұсынысы;

7. 20 санды банк шоты.

Ұйымдастыру алқасы үміткерлердің байқауға қатысу өтініштерін  2020 жылдың 6 мамырына дейін қабылдайды.

Тапсырылған құжаттар қайтарылуға жатпайды.

Байқауды қаржыландыру:

 1.Байқауға қатысушы үміткерлердің келу-кету жол шығынын жолдама берген жіберуші жақ немесе өздері көтереді;

 2.Ұйымдастыру алқасы үміткерлерді байқауға қатысу уақытына тамақпен және тұрғын жаймен қамтамасыз етеді;

 3.Байқауға белгіленген мерзімнен ерте келген қатысушылар әуе,темір жолы және де көлік түрлерінің жүру кестесіне қарамастан, ұйымдастыру алқасы белгілеген келу мерзіміне дейінгі жүріп-тұру шығындарын өздері көтереді;

 4.Үміткерлермен бірге келген жетекшілері барлық шығындарды өз тарапынан өтейді.

Байқауға байланысты анықтама мекенжайы:

Орал қаласы  Қасым Аманжолов көшесі, 53-үй.

“Облыстық халық шығармашылығы орталығы” МКҚК

Байланыс телефондары: 8 7(7112) 50-09-16

Эл.пошта: ocnt-zko@mail.ru

Тел/факс: 8 7(7112) 51-07-72.