Қазақстандық Үш Терек тобы (Арман Әлім, Нұрмағанбет және Kenny Jey) мен кубалық Sin Frontera тобы (Rodyn Fernandez, Omar Arango Torres, Efrain Yohandi Fuentes) қазақтың халық әні "Жар-жарды" орындап, бейнебаян түсірді, деп жазады Tengrinews.kz. Бірлескен бейнебаян жуырда YouTube желісіне орналастырылды.
Бұл Қазақстан мен Куба өнерпаздарының алғашқы бірлескен жұмысы емес. Өткен жылы Sin Frontera танымал хит - "Аспанға қараймынды" орындаған еді.
Sin Frontera Қазақстанда бірнеше жылдан бері өнер көрсетіп жүр. Ұжымның әр мүшесі Кубада танымал топтар құрамында жұмыс істеген.
сурет: youtube.com